Туған жер атты 8 сыныпқа шығарма


№25 жалпы орта мектебінің

8 «ә» сынып оқушысы Джумабекова Асель

Пән мұғалімі: Теміржанова Меруерт Әсетқызы

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ а адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің туған жерім Алматы қаласы бірақ балалық шағымнің өткен жері ол осы Кереку өңірі болып табылады. Әр адамға өз туған жері ыстық. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде.

Туған жерім – Қазақстан,
Тәуелсіздігі жарасқан,
Көк байрағы желбіреп,
Көк аспанға ұқсасқан.

Түрлі елдер достасқан,
Еңсесі биік Қазақстан!
Құтты болсын елдігің,
Тәуелсіз біздің Қазақстан

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде.

Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен біздің елде татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар.олардын тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды дана халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек!


Қажетті сілтемелер:


Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Менің Отаным – Қазақстан тақырыбында шығарма
» 7 Мамыр - Отан қорғаушы күні
» Еңсесі биік Қазақстан!
» Менің Отаным – Қазақстан
» Туған жер
» Мен өз Отанымды мақтан тұтамын
» О,туған жер! О, атамекен!

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2

Пікір жазу



Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы