Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстаным

Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстаным казакша Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстаным на казахском языке

Сахари Айдана
10 сынып, №2 орта мектебі
Қапшағай қаласы

Қазақстан – кең-байтақ ел. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан - әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...» деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Мұқағали ағамыз:« Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сен түзеген қалаңменен далаң да, Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді.

Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар. Біз енді тәуелсіздігімізді сақтау үшін, оны баянды ету үшін өмір сүруіміз керек. Ел қамы үшін пейішке де, тозаққа да бірге кіруге тиіспіз. Бабалар қалдырып кеткен Ұлы дала алдындағы жауапкершілік бізді бүгін осыған шақырып отыр. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры бізден осыны қажет етіп отыр.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, менің отаным қазақстан, шығарма қазақстан туралы, қазақстан туралы шығарма, қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы әңгіме, отан туралы шығарма, отан алтын бесік шығарма, казакша отан алтын бесік шығарма, отан алтын бесігім шығарма, Отаным – алтын ұям бесігім шыгарма скачать, скачать сочинение Отаным – алтын ұям бесігім, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН, Қазақша шығарма, Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН туралы казакша шагарма, Отан туралы шығарма, менин отаным казахстан шыгарма, менің отаным қазақстан шығарма сынып, шығарма қазақстан туралы, қазақстан туралы шығарма, қазақстан туралы шығармалар, менің отаным казахстан шыгарма, менин отаным казахстан шыгарма, менің отаным қазақстан шығарма сынып, Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстаным, Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстаным шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com