» » » Шығарма: Патриот болу әрбір қазақтың парызы

Шығарма: Патриот болу әрбір қазақтың парызы

Шығарма: Патриот болу әрбір қазақтың парызы казакша Шығарма: Патриот болу әрбір қазақтың парызы на казахском языке
Айтмұханқызы Гүлбану
11 сынып, Шахта орта мектебі
Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
Бауыржан Момышұлы
«Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деп Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында басты мақсат – Қазақстандық патриотизмге нақты тоқталған. Қазіргі таңдағы еліміздің өркендеуіне тек патриоттық тәрбие, патриоттық рух, патриоттық білім менпатриоттық сана арқылы ғана қол жеткізуге болады. Расында да қоғамның қай саласында табысқа жеткізсеңіз де тек патроитизм арқылы ғана жеткізесіз. Алдымен патриотизм дегеніміз не? Париотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезім.
Ел болашағы – жастардың қолында. Бүгінгі жастарды алдымен Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке бір сөзбен айтқанда жалпы адамзаттық құндылықтарға толы рухани тұлға тәрбиелеуде осы патриотизмнің орны ерекше екенін айта кеткен жөн. Менің ойымша, патриоттық тәрбие алдымен өз отбасынан басталады. Тұлғалық бойындағы патриоттық құндылықтар отбасындағы мейірімді әже , ақылды ата, ардақты әке, аяулы ана, ыстық бауырларың, жанашар туған – тумаластарың қамқор болар аға – інілерің арқылы бойыңа сіңеді. Отбасының ыстық – ықыласын мейірімінен туындайтын отбасына деген сүйіспеншіліктен, Отанға деген сүйіспеншілік туындайды. Бүгінде отбасы бірлігін ажыраспайтын жанұяның жағдайын жақтауымыз керек. Сонда ғана өсер ұрпақ отбасынан патриоттық тәрбиені сезінеді.
Мен өз отбасымда анам мен әжемнің , іні мен қарындастарымның бесікке салынып, «Бесік жырын» айтқанын тыңдап өселік. «Шілдехана», «Сүндеттой», «Беташар», «Қыз ұзату» сияқты дәстүрін көріп , біліп өстім. Жазда үнемі тігілетін киіз үйдің құрылысын қалай тігуін ойыма тоқып алсам, оның сәндейтін қазақы ою-өрнегін, бау-шашағын, түндігін жасауды анам мен әжемнен көріп таң қаламын, қандай керемет... Мен осындай ауылда өсіп, ұлттық тәлім-тәрбие алатынымды, салт-дәстүрімді көріп-біліп өскеніме мақтана аламын. Отбасымдағы келін мен ене, қайын аға, отағасы, қайын-келін арасындағы сыйластықтың өзіндік патриоттық тәрбиеге де әкелер есептігі мол. Тіпті қазақтың ұлттық тағамдарының өзі – құрт қайнату, балқаймақ әзірлеу, қазы-қарта дайындау, ет асу, сыбаға беру, қонқасы жасау сияқты өзіндік қазақи ерекшіліктерді мен оы ауылда өсіп-өнген балаларға берер ұлттық тәрбиелік мәні зор деп айта аламын. Сондықтан ұлттық мәдениетпен патриотизмді дамытып , ел болашағына сенімді боламын десең – ауылды көркейтуден, ауылдың қажеттілігін бастаң. Өйткені нағыз ұлттық рух – ауылды. Ұлттық мәдениет де – ауылда. Ұлттық тілде – ауылда. Ауылда өскен балалар тірі табиғат пен үй жануарлары, атап айтқанда тек жылқы малына қатысты – үзеңгі, тартпа, шылбыр, ер-тоқым, сабаутіс, аба, тайтоқы, бозкүрең, торы сияқты әдемі сөздермен тілдік қоры, сөздік қоры әлдеқайда көбірек дамыған Ана тілінің ескірген, ұмыт болған түрінде сақтаушы ауыл тұрғыны. Отбасынан, ауылды үюдей, туған еліне, салт дәстүріне, тіліне деген құрметпен патриотизм туындайды.
Бауыржан Момышұлының «Патриоттық негізгі қайнар көзі – отбасы және мектеп пікірі» деген пікірін де айта кеткен жөн. Патриоттық тәрбиенің қалыптасуы – балабақша, мектеп. Яғни мектептегі білім, балабақшадағы тәрбие отбасындағы патриотизмді әрі қарай ұштастырады. Өйткені, балабақшадағы менің іні-қарындастарымның Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын жатқа білуі , тіпті ту мен елтаңбаның неліктен солай таңбаланғанын да біледі. Аудандық, облыстық «Балалар күні», « Астана күніне арнау», «Бақытты балдырған» сайысына қатысып , сәби кезінен ұлттық патриотизмге тәрбиеленсе, «Білім ордасы- мектептен» дегендей бүгінгі ұрпақты сапалы білім мен тәрбиелейтін мектеп жоспарында тек білім мен қоса тәрбие де жүргізілуде . Ертеңгі күнге сенімді қоғамның бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу болса, осы әрбір қазақ патриот болып тәрбиелеуді керек дегенді естен шығармау керек. Сосын мектептегі орта білім стандартында білім алу ғана емес, оқушылардың ұлттық патриотизміне де үлкен мән берілген. Ғылыми тұрғыда ұлттық патриотизм дгеніміз – өз ұлтының салт-дәстүрін, қадір-қасиетін бойына сіңірген және оны қастерлеп, қорғауға дайын болуы бұл туғаннан ата-тегімен берілген тәлім – тәрбие арқылы жетілетін ұлттық сипаттағы сапалы әрекет пен мінез құлық.
Бүгінде мектепте болсын, қоғамдық қызметтегі болсын білім мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет, ар-намыс жатырғанын естен шығармауымыз керек. Себебі, патриоттық тәрбие – ұттық намыс, ұлттық сана – сезіммен рухани байланысып көрініс табады емес пе? Жастарды патриоттық тәрбиеде тәрбиелеуде алд ымен Отансүйгіштік сезімін оятып барып , қоғамға бейім, адамгершілікті, ізгілікті, мәдениетті, зиятты сапалы тұлға қалыптастыру керек.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 134 | 1.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Патриот болу әрбір қазақтың парызы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Патриот болу әрбір қазақтың парызы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Патриот болу әрбір қазақтың парызы, шығарма Патриот болу әрбір қазақтың парызы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Патриот болу әрбір қазақтың парызы на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар Па, Шығарма: Патриот болу әрбір қазақтың парызы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы