Мен – Қазақстанның патриотымын

 Мен – Қазақстанның патриотымын

Божаканов Нуржан
10 сынып, әскери мектеп-интернаты КММ
Павлодар қаласы
Мұғалімі: Аханбаева С. Е.

Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасиетті болса да...
«Патриот» деген сөз туған жер , туған тіл, туған дәстүр, туған тарихтың ажырамас бөлігі іспетті. Мен үшін жоғарыда айтылған құдіретті төрт ана адамның бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын ең негізгі бөліктер. Патриот – өз Отанын, оның халқын сүйе біліп, сол халқының тілін, дінін, салт-дәстүрін қастерлей білетін, еліміздің болашағы, мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын нағыз ұлтжанды адам. Міне, осы қасиеттердің барлығы адамның бойында нағыз патриоттық сезімді тудырады. Әрине, патриоттық сезім адамның бойында бірден қалыптаспайды. Ең бастысы, адам дүниеге келгеннен бастап ана сүті арқылы өз ана тілін танып, сол тілде қоршаған ортаны таниды, көреді, біледі, одан әрі білмекке құштарланады. Яғни туған тілі арқылы білімін жетілдіреді. Осыдан біздің ана тілімізге деген сүйіспеншілігіміз артады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды оның тарихын танып білеміз. Қазақта «Өзіңді ағалата алмасаң да, еліңді табалатпа» деген жақсы мақал бар. Бұл, ең алдымен, өзін қазақпын деп есептейтін адам ана тілін қадірлеп, қадір-қасиетін біліп, іске асыру – әркімнің басты борышы екенін танытады. Қай ұлт болмасын сол мемлекеттің, сол ұлттың ортақ қазынасын иемденуші болғандықтан, сол елдің баға жетпес қазынасын қастерлеп, тілін үйрену керек деп ойлаймын.
Патриоттықтың келесі бір бөлігі – туған жер, Отан. Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып , анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылғандығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. Мен әскери мектептің тәрбиеленушісі ретінде Отанды қорғау – басты парызымыз деп санаймын. Оқытушыларымыз бізді еліміздің патриот ұландары етіп тәрбиелеуге барынша тырысады. Біз өзімізге Бөгенбай, Қабанбай, Махамбет, Шоқан Уәлиханов, Бауыржан Момышұлы және Отан үшін өмірін қиған көптеген қазақтың батыр да талапты нағыз патриот тұлғаларын үлгі етеміз. Сондай ұлтжанды, отансүйгіш азаматтарына еліктейміз.
«Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының мына айтылған қанатты сөздері курсанттардың ұраны болып табылады. Мен де осы айтылған асыл сөздерді өзімнің өмірлік ұраным ретінде ұстанбақпын. Келешекте мемлекетіміздің көркеюіне бар күш-жігерімді аямай, Отан алдындағы азаматтық борышымды адал орындағым келеді. Ол үшін қазақтың білімдар, талапты кадеті Шоқан Уәлихановтай бар ынта-жігерімді кемелді білім алуға жұмылдырып, өз еліме адал еңбек етпекпін. Келешекте мен де өзімнен кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай Қазақстанның патриот азаматы болатыныма кәміл сенемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!