Оқырман, өз туған жеріңе қарашы!


Туған жер - адамның бір бөлігі. Жалғыз орын, әсіресе жан үшін қымбат, ондай жер ғаламшардың еш бөлігінде жоқ. Еш бөтен жер, кандай керемет болғанымен, туған жеріңді ауыстыра алмайды. Туған жер-бұл адам дүниеге келген орын.  Туған жер адамның өсіп, әлемді танып, алғашқы қадамдар жасап, өмір сүріп, достары пайда болған жер. Туған жерде тіпті ерекше сезімдер де толып жатыр: аспан мен ауа басқа, бөтен жақ сияқты емес. Туған жердің әрбір шөбі, ағашы және бұтасы адамның ойында ерекше  естеліктерін қалдырады.

Әр туған жердің өзінің тарихы бар. Әрбір жер ерекше. Кей бір адамдарға ол орын өте нәзік сезімдерді, тәтті, жағымды естеліктерді тудырады, ал басқа адамдар үшін - бұл орын ерекше немесе таңқаларлық сезімдер туғызбайды. Мен өзімді бақытты адам деп есептеймін. Маған ата-анам өз махаббатын сыйлады, адал және сенімді достарым көп, сүйікті ұстаздарым таңғажайып білім әлемін ашады. Ең жақсы және қымбат заттардың барлығын, мен туған жермен байланыстырамын: туған - туыстар мен жақындар, мені қоршаған достар, мектебім, сүйікті қалам және елім.

Біздің, қазақтардың туған жеріне не жетсін? Біздің байтақ туған жеріміз баяғыдан бері өзінің көркемдігімен барлық адамның жүрегін жаулап алады. Сол үшін де, ата-бабамыз осы жерге шайқасып өз ұрпақтарына, яғни бізге  туған Жерімізді сонан заманнан бері аманат етіп қалдырғаны.  Енді біз оны өзіміздің ұрпақтарымызға сақтау керек.

Біз материал ретінде ағаш,газ,мұнай,пайдалы қазбалар деген сияқты көптеген заттарды қолданамыз. Ал салдарын ешкім де ойлағысы келмейді. Ең бірінші біздің туған Жер зардап шегеді.

Оқырман, өз туған жеріңе қарашы! Көркем табиғатыңмен қуана аласың ба? Жоқ! Өйткені бізге аманат болып қалған туған жерімізді өзіміз құртудамыз! Біздің көптеген ата-бабамыз соғыста қаза тауып, біздің болашағымыз үшін жанын қиып, бізге берген жерге қоқыс тастап, зауыттардың және көліктердің түтінін шығарып, туған жерімізді құртудамыз! Сол кездегі және қазіргі табиғатты салыстырып көрші! Өз істеген жұмысың ұнайды ма? Осы туралы ойланайық.

 

Асылжан ТҰҢҒҰШБАЙ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу