Құт мекен: туған жер туралы шығарма


Туған жер ұғымы ең асыл, ардақты қасиетті ұғымдардың бірі. Бұл әрбір адамның дүние есігін ашып, кіндік қаны тамған жер. Тәй-тәй басып, мектепке ең алғаш қадам басқан, өсіп-өңген асыл мекені. Ең бастысы Туған жер – ол отбасың мен жақындарың, жанында бола алатын. Жүрегінің төрінен ерекше орын алып,  алыстасаң ақсайтын құт мекен. Менің туған жерім ол дархан қазақ даласы, құс ұшса қанаты талатын, кең-байтақ, жан-жайсақ қазақ елі. Мен тарихы тұнып тұрған Тараз қаласында дүниеге келгеніме бақыттымын. Бұл ең әсем,ең көркем жерлердің бірі.Қазіргі сәтті біз тарих сабағынан Қазақ хандығы туралы  оқып жатырмыз, әрбір тақып өтілген сайын, мен ата-бабамыздың ерлігіне, Отан сүйгіштігіне таң қаламын. Ешбір жаудан қорықпай, туған жерін қорғауға ат салысқан батырларымыздың  ерлігі, адалдығы, Отанға деген шексіз махаббаттары тамсандырудан жалыққан емес. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, аманат еткен ата-бабаларымыздың сенімін ақтап, туған жерімізді көркейтуге барынша ат салысатын боламыз.

Туған жер - бұл алтын ұя, құт мекені. Оны қастерлеп, ата-бабаларымыздың кең қаласын, сарқырап асқан өзенін, қастерлеуөз парызым деп білемін. Мен Отанымызды, туған елімізді – сүйемін!

 

Сабием Жиенқұл 



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...