Туған жер- алтыннан да қымбат қазына!


Туған жер, қандай қасиетті , неткен ыстық сөз! Туған жер деп қай ақын толғамаған, қай жазушы тебіренбеді десеңші?! Әр адамның жүрек төрінен орын алатын қасиетті мекен, жырақ кетсең сағынатын мекен. Туған жер- алтыннан да қымбат қазына. Әр адамның туған жері туған анасындай қастерлі. Туған жердің әрбір тасы, әрбір сайы естелік тұнған ғажайыптар. Есейеміз, ер жетеміз туған жерді тастап арман қуып қалаға келеміз. Мүмкін шет елге де кетерміз, бірақ туған жерге деген сағыныш бәрібір жүрек түкпірінде тұрады-ау шіркін! Туған жерден жырақта жүрсең сол өңірдің өңі таныс адамын көріп қалсаң, отбасыңның бір мүшесін көргендей қуанасың ау. Туған жердің ыстықтығын, оған деген ынтықтығыңды жеткізуде сөз таппай қиналасың кейде. Бірақ бұл күнде жұмыс таппай, бұндағы материялдық жағдайдың төмендігінен жастарымыз шет ел асуға мәжбүр. Кейбіреуі жанына жайлы жерде қалғысы да келеді, туған жеріме еш сезімім жоқ деп ойлауы да мүмкін, бірақ бәрібір адам кіндік қаны тамған жерін бір сағынбай тұрмас, сірә. Шет елде жүрсе де Қазақстан дегенді естісе жүректері дүрсілдеп кетер-ау.
Менің туған жеріме келер болсақ, оңтүстік өңірінің, Арыс қаласы маңындағы Шөгірлі деген ауылда туып өстім! Сол өңірдің әрбір тасы маған қымбат, ауасы саф таза. Кешегі болған жарылыстa, барлық өңірдің көмектескендерін көріп жүрегім езіліп, көзімнен жастың қалай шыққанын байқамадым. Сұмдық бір жаман xалде болдым. Бірақ адамдардың қайырымдылығы жүрегіме жылу сыйлады. Арыс менің балалығым өткен жер, қанша жарылыс болса да ол жерді тастап кеткіміз келмейді және кетуді ойлаған да емеспіз! Мендік туған жерге деген маxаббат мәңгі жүрегімде сақталмақ, туған жерге деген ынтызар көңіл сарқылмақ емес.
Әр пенденің туған жері өз ата- анасындай жақын, сырлас құрбысындай сыйлы, бауырындай мейірбан келеді. Осы туған жер деп талай боздақтарымыз жаумен алысты, жандарын құрбан етті, қайталанбас ерлік көрсетті. Сол кездегі батырлардың, ел билеген хандар мен билердің асыл армандары бұл күнде орындалған. Нәтежиесінде біздей бақытты ұрпақтарына баға жетпес байлық, сарқылмас қазына қалдырды. Сол қазынаны аман-есен, тап-таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу, бұл күнгі біздің ерлігіміз, біздің жан кешті батырлығымыз болып табылады! Келер ұрпақтың «барыр» деген атына ылайым лайық болайық!

 Танакөз БАБАХАН


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу