Туған жер – алтын ұя


Адам баласы дүние есігің ашқанда туған анасынан кейін құшақ жая қарсы алып,бауырына басатын екі ыстық ұясы болса,соның бірі - кіндік қаны тамған жері болып табылатын алтын ұя бесігі,ол – Туған жері.Туған жер туралы әңгіме қозғағанда не болмаса ой толғағанда «Туған жер - алтын бесігім»,«Туған жер - тұғырым» - деп жатамыз.Мұндай теңеулердің туған жерге қатысты айтылуы да заңдылық.

Туған жер – киелі ұғым.Мен үшін бұл ұғымның мәні мен мағынасы өте терең.Қарап отырсам,адамның Отанға,туған елге деген ерекше ілтипаты мен ұлы сезімі осынау аядай ғана шағын бесіктен,туып өскен жерінен,оның әр тау-тасын сүюден басталатын болса,бұл күнде біздің бойымыздағы таза сезім мен Отанға деген үлкен құрметіміз осы жердің әр төбесіне деген сүйіспеншіліктен бастау алғандай.Қазір ойыма туған жерімнің әр төбесі оралып,бойымды туған жерге деген бір сағыныш биледі.Бұл деген – туған жерден жырақ кетсем де,туған жердің менің жүрегімде орын алатындығын аңғартады.Осы орайда,марқұм әкем ұйып тыңдайтын Қоңыр тобының  орындауындағы тамаша бір «Туған жер» деп аталатын әннің мына бір өлең шумақтары ойға оралып отыр.

Шөбі майса,жұрты жайсаң,

Туып,кіндік кескен жер.

Жаңбыр жауса,лай батпағын,

Жалаң аяқ кешкен жер.

Алқам-салқам қой қайырып,

Тай-құлынмен ілескен жер.

Қарның тойса,құрбыңды аңдып,

Қайғы көрмей өскен жер.

Жұмақ мекен туған жер-ай,

Мың жаялық жуған жер.

Құрт ұрлатқан қалтадан беу,

Шын балалық думанды ел.

Беу,қандай тамаша ән десеңізші?! Көз алдыма туған жердің төрінде асыр салған күндерім мен әкеме еркелеген балдәурен балалық кездерім оралды.Иә,менің бала күнімдегі туған жердің көрінісі дәл осындай болатын.Осы әннің ырғағымен туған жеріме кішкене де болса саяхат жасап қайтқандай болдым.Қазақ айатын әннің құдіреті деген осы болар?!Ендеше осы әннің құдіретімен,туған жер туралы өрелі ой өрбітейін.

Туған жер туралы өлең де көп,дастан да көп.Өзіміз сусындап өскен,төл әдебиетіміздің сом тұлғасы, ақын Қасым Аманжолов  атамыздың:

Шықшы тауға,қарашы,кең далаға,

Мәз боласың,ұқсайсың жас балаға.

Туған жердің о шеті мен бұ шетіне жүгірсен,

Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?-деп келетін өлең жолдарынан туған жерге деген ерекше шексіз сезімді байқауға болады.Адамның туған жерге деген сезімі ұлғаймаса,азаймасы анық.Біз ержетіп туған жерден алыстаған сайын туған жер біздерге ыстық көрініп,санамызға сағыныш ұялатады.Иә,туған жерді небір ақын-жазушылар тебірене жырлап жырға қосты.Әншілер әніне арқау етті.Ғалымдар туған өңірдің әр қырын жете зерттеп,өз жерінің сұлулығың,кереметін паш етті.Батырлар туған жердің төбесін әрдайым биікке көтеріп жүрді.Бұл жасалған істердің бәрі туған жерге деген кішкене сезімнен туған үлкен туындылар болатын.Кім болса да,ақын болсын,жазушы болсын,батыр болсын ,олар үшін туған жері –туған даласы,яғни үлкен сезіммен қарайтын,жырлайтын,қорғайтын,ұмытылмайтын - алтын ұясы деп білемін.

Туған жерге деген сезім де шексіз...Егер адамның сезімі шексіз болмаса,ақындар бір-екі өлеңмен шектеліп,әншілер бір әуенмен ғана әндетіп,батырлар туған жер үшін бір ғана батыл қадам жасар еді деген ойда боламын.Туған жеріміз туралы айтқанда толғанамыз,тебіренеміз.Әңгімемнің тақырыбын «Туған жер – алтын ұя»-деп алдым.Неліктен алтын ұя?Менің ұғымымда алтын сияқты жылтырағаны емес,бойға кіршіксіз сүйіспеншілік пен жанымызға ерекше жылулық орнататынында жатыр...

Менің алтын ұям,туған жерім – Амангелді ауданы.Мен осы жерде туып,осы жерде өстім.Осы жерде нағыз қазақи тәрбиені бойыма сіңірдім.Өз жерімнің әдебиеті мен мәдениетіне қанық болып,кішкене болса да үлес қостым.Туған жерімнің мақтанышы,Қазақстанның Халық әртісі Әнуар Боранбаев  ағамыздың есімі берілген мектепте оқуымды тәмамдап,үлкен өмірге қадам бастым.Содан бері туған жерден жырақ кеттім.Туған жерден жырақ жүрсем де туған жер менің әрқашан жүрегімде. Жоғары оқуды тәмамдаған соң туған жерге келіп қызмет етемін деген жақсы ой болды.Алайда қыз баласы  жат-жұрттық болып туған соң туған жерден алыстай береді екенсің.Қазіргі күні туған жеріме қызмет етпесем де,өзім тұрған жеріме,Отаныма қызмет етіп жатырмын деп санаймын.

Туған жер дейміз,туған ел дейміз...Екеуі де егіз ұғым.Алдағы уақытта да қолдан келгенше туған жер мен туған елге бір адамдай қызмет етемін деген үміттемін. Сөзімнің соңында,мен арқылы туған жерім танылып жатса,менің бала күнгі арманымның орындалғаны.Ал туған жерім арқылы мен танылып жатсам,туған елімнің маңдайымнан сипағаны деп білемін.

Жаса,жайна,Туған ел!

 

 

 

                                                                     Кенжегуль Шортанбаевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу