Қазақстан - кеше және бүгін

 Қазақстан - кеше және бүгін

Құмар Әсемгүл
10 сынып, №3 орта мектебі
Жетіген ауылы
Жетекшісі: Жексетова Ә.С.

Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінен бастау алар қазақ халқының тарихы тереңге жайылған. Егеулі найза қолға алып, атқа қонған батыр бабаларымыз «Ақ найзаның ұшымен, Ақ білектің күшімен» осы бір ұлтарақтай жер үшін қан майданда қан кешіп, қасық қаны қалғанша тәуелсіздік жолында құрбан болды. ХVI-XVII ғасырларда жоңғар қыспағынан қашып, көршілес жатқан Ресей мемлекетінен пана іздей барған аңғал да аңқау, еңбекқор қазақ елін орыс басшылары біржола қол астына алуды көздеп, сол мақсатына жетеді. Сол кезеңнен бастап қазақ халқы ІІ ғасырға жуық тәуелсіздік аңсап, сол жолда қанша қазақ боздақтары қыршыннан қиылды. Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді.

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден–ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Ел басына күн туғанда халықты жаудан аман алып, еркіндік жолында жанын пида еткен жаужүрек батырларымыз елдің елдігін , ердің ерлігін сақтап калды. Бабамның қаны сіңген киелі топырақ сол қазақтың ержүрек перзенттерінің арқасында осы күнде бізге жетіп отыр.

Абай, Шәкәрім, Ыбырай дәуірі қылыштан гөрі қаламға жақын болды десек артық айтпағанмымыз болар. ХХ ғасырдың бірінші жартысында тарих беттерінде қазақ зиялылары жарқырап көріне бастады. Солардың бірқатары Алаш үкіметін құрып, жан-жақта шашырап жүрген қандас бауырларды бір шаңырақ астына жинауға талпынған «Алаш» деп халыққа ұран тастап, жеке мемлекет болуды армандаған Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытов тағы да басқа қазақтың зиялылары еді. Қазақ елі өзінің автономиясын жариялағанда Жеке ел болдық деп қуанған қазақтардың бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Сол кезеңдегі Кеңес өкіметі алаш туының астына біріккендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен құрбан болған – Жүсіпбек Аймуытов еді.
Ал, 1937 -1938 жылдары 125 мың қазақ зиялыларының көзін жойған. Олардың бар кінәсі өз ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтағандығы , көзінің ашық болғандығы, жоғары білімді, бетке ұстар азаматы болғандығы.

Осынша болған әр түрлі қиыншылықтың ең сорақысы– 1949 жылдан қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным - Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз.

1991 жыл... 16 желтоқсан... Бұл күн қазақ тарихының парақтарында алтын әріптермен жазылды. Дәл осы күні сан ғасыр армандаған бабаларымыздың арманы орындалды. Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресті. XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу

Ілмектер: егеменді қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығарма, менің отаным қазақстан туралы шығармалар, менің отаным қазақстан туралы әңгіме, отан туралы шығарма, отан алтын бесік шығарма, казакша отан алтын бесік шығарма, отан алтын бесігім шығарма, Отаным – алтын ұям бесігім шыгарма скачать, скачать сочинение Отаным – алтын ұям бесігім, менің отаным казахстан шыгарма, Қазақша шығарма: Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН, Қазақша шығарма, Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН туралы казакша шагарма, отан туралы шығарма қазақша, отан туралы шығарма 4 сынып, отан туралы шығарма 5 3 6 7 8 сынып, отан туралы шыгарма 2 сыныпсочинение на тему отан туралы, туган жер туралы шыгарма қазақша, туған жер туралы шығарма қазақша, сочинения на казахском языке про родную землю, сочинение на казахском языке на тему родная земля, қазақша шығарма: туған жер, қазақша шығарма, туған жер казакша шыгарма, туган жер сочинения на казахском языке, қазақша шығарма: туған жер отан, менің елім туған жерім шығарма, менің елім шығарма, сочинение на казахском языке про мой казахстан, сочинение про казахстан на казахском, қазақстан туралы шығармалар, қазақстан туралы шыгарма, қазақстан туралы шығарма, Қазақша шығарма: Менің туған жерім - егеменді Қазақстан, Менің туған жерім - егеменді Қазақстан казакша шыгарма, қазақстан туралы шығарма қазақша, қазақстан туралы шығарма 4 сынып, қазақстан туралы шығарма 2 3 5 7 сынып, Аяулы Отаным қазақстан туралы шығарма, Аяулы Отаным қазақстан туралы шығармалар, Аяулы Отаным қазақстан туралы әңгіме, Аяулы Отаным казахстан шыгарма, казакстан туралы реферат казакша, казакстан туралы шыгарма казакша, менин елим казахстан шыгарма, қазақстан кеше және бүгін шығарма, казахстан кеше жане бугин шыгарма казакша