Арман жыры алаштың, азатық еді аңсаған.

 Арман жыры алаштың, азатық еді аңсаған.

Сүйеніш Ерқанат
9 сынып, Парамоновка мектебі
Достық селолық округі,
Парамоновка ауылы

Азабыңды шеккен ел,
Тозағыңнан өткен ел.
Батысыңда қар жатса,
Шығысында көктем ел.
Бір шеті мен бір шеті
Жеткізбейтін неткен ел?!
Қ. Мырза Әли
«Тәуелсіздік-барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» - деп Елбасы бекерден-бекер айтпаған.Талай ғасырлар бойы осы жолда жан алысып жан берісіп, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, ұлан ғайыр осынау атырапты көзінің қарашығындай сақтап ұрпаққа қалдырған баһадүр бабалармыздың арқасы. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, небір алмағайып қиын-қыстау, тар жол тайғақ кешулерді бастан кешіп, ұлттық рухымыздың сағын сындырған тарихи толқулар мен толғаныстарға толы болды.
Ұлттық болмысымыз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз, тіліміз бен ділімізден ажыраудың сәл-ақ алдында қалдық. Туған ел, туған жерден қыспақ көріп киелі атамекеннен жыраққа кеткен қаншама қазақ баласы бүгінгі таңда отанға оралып жатқаны тәуелсіздіктің арқасы. Тарих өткенді және болашақты таразылайтын ұлы шежіре, баға жетпес құндылыққа толы тағдыр-тынысы. Сондықтан төмендегі мына бір ойлардан тәуелсіздіктің қандай ұғым екенін, оның қалай келгенін көз алдымызға елестетеді.
Біз бөрілі байрақ ұстаған, батыр жауынгер бабалардың ұрпағымыз. Талай қилы-кезеңді басынан кешкен қайсар мінезді ұлт екенімізді мақтан тұтамыз. Қазақ болып туғанымызға мақтануымыз керек.
Өткеніңе үңілсем қандай ауыр,
Қиындықты көрдің ғой талай дәуір.
Есіркемей ескіні келешеке,
Қадам басу, жоқ сірә туыс бауыр.
Не көремдің өмірде алты алашым,
Өрлік, ерлік күшіңмен қарсыластың.
Қысылтайаң қыспақта жан ұшырып,
Шүберекке түйілген шыбын жаның.
Талай мәрте қанатың қырқылғаннан,
Бетің қайтып көрген жоқ жығылғаннан.
Қолдан бермей ақ туын азаттықтың,
Қорғай білдің қылышын суырғаннан.-деген ой жадымда жаңғырығады.Азаттық жолында жанын пида еткен өр мінезді батыр бабалармыздың ерен ерлігі еш уақытта ұмытылмайды.. Егеменді ел болып етек жеңімізді жинағанымызға 20 жылдың жүзі болды.
Осы аралықта айбынды алаш елін төрткүл әлем танып мойындады. Көкбайрағы желбіреген азат елдің әрбір таңы күлімдеп атып, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргесі мызғымастай қалана берсін. Тәуелсіз қазақ елінің іргесін бекітіп, ынтымағын ұйытқан Елбасымыз жасай берсін!
Бүгін менің елімді төрткүл әлем таныған,
Алты алаштың арманын асқақтатқан Нұр ағам. Сегіз қырлы, бір сырлы кемеңгерлік ісімен, Қара қылды қақ жарып, тұңғиықтан жол тапқан. Үзеңгілес өзге мен санасатын елім бар, Тәуелсіздік, еркіндік шекаралы жерім бар. Ынтымақты ұйытып тұрмысыңды көтерген, Елбасының орасан еңбегінің жөні бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!