» » » Шығарма: Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын

Шығарма: Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын

Шығарма: Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын казакша Шығарма: Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын на казахском языке
Кенжеғұл Айзанат
11 сынып
Түпқараған ауданы, Таушық ауылы
Жетекшісі: Үсенбаева

Тәуелсіз Қазақстан ! Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан осы бір ұлан-байтақ кең дала – менің Отаным. Байтақ дала төсінде талай-талай дүбірлі жорықтар, елі үшін «егеулі найза қолға алдырған» соғыстар, елінің бірлігі мен бүтіндігін ойлаған жыраулар, халқы үшін қасқайып қиындыққа қарсы тұрған небір ұлы тұлғалар өтті. Тәуелсіздік үшін күресте олар патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетті. Тарих қойнауына көз жіберсек, кешегі өткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты Наурызбай сынды ерлеріміз қиын-қыстау кезеңде көзсіз ерлік көрсетіп, елін, жерін жау қолына бермеген.
Кешегі тарихта қара таңба боп жазылып қалған Ұлы Отан соғысы туралы тарихи шығармалар, кинофильмдер сол жылдардағы Отан-Ана үшін болған ұлы күрестің сұрапыл күндерін көз алдыңа әкеледі . Әділеттілік қашанда жеңері қақ, бірақ Жеңіс күні миллиондаған адамдардың көз жасымен, қайғы-қасіретімен келді. Өмір мен өлім ортасында жүріп, Отаны үшін кеудесін оққа төсеген қаншама ағаларымыз, әкелеріміз көз жұмды . Жыл асқан сайын сол қасіретті күндерді көзімен көрген қарияларымыздың қатары сиреп бара жатырғаны, әрине, өкінішті... алайда, қай уақытта да олардың ерлік ісі бүгінгі ұрпақ есінде ұмытылмай қала бермек.
Ал, кеше ғана желтоқсанның ызғырық желімен бірге орталықтың солақай саясатына қарсы шыққан ұлтымыздың өрімдей ұл-қыздары ше? Батыр бабаларымыздың қанымен, еркіндікке шақырған құдіретті үнімен бойға сіңген патриоттық сезім оларды алаңға алып шықты. Бұл күндердің бүгінде Тәуелсіздік күні болып аталып өтілуі де олардың ерлік істеріне деген үлкен құрмет деп білеміз.
Міне, осылайша ел үшін, елдік үшін күрестегі бабалардың басынан кешкен қиындықтарын, «тар жол, тайғақ кешуін» көз алдыңнан өткізе отырып, жат жұрттықтардан жер -суын, ұлан-асыр даласын қан төгіп, қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін сезінгенде тұла бойыңды өзгеше бір мақтаныш сезімі билейді екен. Бұл – сенің бойыңа ұялай бастаған Отаныңа , туған жеріңе, тарихыңа, ана тіліңе, салт-санаңа деген ерекше құрмет. Бұл – сені еліңнің ар-намысын қорғауға, халқың үшін қызмет қылуға жетелейтін ерекше күш. Осы бір асқақ сезім арқылы «Отан оттан да ыстық» деген сөздің құдіретін ұғына бастағандай боласың.
Мен бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның ұланымын. Ата-бабамыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен алып берген тәуелсіздігінің арқасында Қазақстан бүгінде әр таңын амандық пен бейбітшілікте қарсы алады. Отанымның тыныштығы мен елімнің тәтті ұйқысын Отанымыздың қырағы ұландары күзетіп тұр. Еліміздің түкпір-түкпірінде Отанына , Қазақстан халқына қызмет етуге даяр қазақ әскерлері еліміздің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қорғауда. Жыл сайын олардың қатары білімді, жалынды жастар қатарымен толығып отырады. Өйткені, Отанды қорғау жәнен Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет ету – әрбір Қазақстан азаматының қасиетті парызы.
«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»-дегендей, Отансыз өмір, Отансыз қуаныш жоқ. «Туған жер, туған тіл, туған дәстүр, салт-сана және туған тарихың – тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!»,-деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, оларсыз біздің рухымыз биік самғамақ емес.
Қазақстан халқы осынау жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктеріміз бен толағай табыстарымызды саралап, алдағы жарқын болашаққа Елбасының тың жобаларымен жаңаша бағдар жасауда. Еліміздің болашағына, нұрлы келешегіне сеніммен көз жібере отырып, ұлан-байтақ Отанымыздың гүлденуіне сапалы білім, саналы тәртібімізбен өз үлесімізді қосамыз. Біздің мақсатымыз – халқымыздың Отанды сүюге тәрбиелейтін дана сөздері мен өсиеттерінің өресіне жетіп, еліміздің айбынды жерін, айдынды көлін, аспанмен таласқан асқақ тауларын әрқашан қызғыштай қорып, тәуелсіздігіміздің туын мәңгі биікке көтеруү

Тәуелсіз елімнің көгінде желбіреген көгілдір түсті туынан көзімді айырмай, қолымды жүрегіме қойып тұрып, елдік пен ерлік жыры – Әнұранымды сәңгі асқақтата шырқаймын. Себебі мен кешегі Абайдай даналар, Мұқағалидай ақындар сүйген елді Мағжан сенген азат жас ретінде сүйемін!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 46 | 1.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын, шығарма Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар жинағы жоспарымен казакша эссе шыгарма жоспар, Шығарма: Гүлзипа Мен Қазақстанның патриотымын шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы