» » » Шығарма: Қазақ елі-мәңгілік ел!

Шығарма: Қазақ елі-мәңгілік ел!

Шығарма: Қазақ елі-мәңгілік ел! казакша Шығарма: Қазақ елі-мәңгілік ел! на казахском языке
Бапар ұлы Әбіл
3 сынып, Благодат орта мектебі
Ерейментау ауданы

Қандай бір халық болмасын - Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын , жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.
Мың өліп мың тірілген қазақ халқы осы бір Отан үшін не көрмеді, не істемеді. Елін, жерін қорғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі ұрпақ, қорлық пен зорлықтың сан түрін көріп, «елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге қамалып, қуғын көрді. Тәуелсіздікті көру бір арман болып, ішқұсамен өмірден өткендері қаншама. Осының барлығы не үшін еді? Әрине Отан үшін.
Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы, Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті.
Патриотизмнің өзі менің ойымша, отанды сүюден басталады.Патриотизмнің қайнар көзі - Отан.
Біз бақытты ұрпақпыз. Тәуелсіз Қазақ елінің азаматымыз. Бұл тәуелсіздіктің оңайшылықпен келмегенін білеміз. Тәуелсіздікке қол жеткізу мүмкін оңайлау шығар , бірақ оны ұстап тұру оңай болмайтыны баршаға мәлім. Ала ауыздықтан, берекенің жоқтығынан, жан-жаққа тартқаннан болып тәуелсіздігінен айырылып, онымен қоймай мемлекет ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Оның бетін ары қылсын, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Қазақ елі мәңгілік ел! Сондықтанда Қазақстан азаматтары нағыз елін, жерін, Отанын, яғни тәуелсіз Қазақ отанын сүйетін патриоттар болулары керек. Мен Отанымның патриотымын! Өйткені мен қазақпын! Қазақстан менің Отаным, менің туған жерім, сөйлеген ана тілім. Ата-бабамның, әке-шешемнің туған жері. Мен қазақ елінің азамытымын! Мен тәуелсіз қазақ еліне ғана керекпін! Менің қадірімді Отаным мен отбасым ғана біледі. Отбасыммен Отанымның қадірін мен білемін. Мен Отанымның дамуына оның өркендеуіне және Қазақ елінің мәңгілік ел болып жасай беруіне өз үлесімді қосатын боламын!
Мәңгі жасасын, қазақ елі!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 125 | 13.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, шығарма Қазақ елі-мәңгілік ел! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Қазақ елі-мәңгілік ел! на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Қазақ елі-мәңгілік ел!, , Шығарма: Қазақ елі-мәңгілік ел! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы