Ел атын – ер шығарар

 Ел атын – ер шығарар

Амангелдиева Аида
5 сынып, Күйкен орта мектебі
Бейнеу селосы

Патриот - сөзі отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау деген. Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген халық. Батырларымыз, сондай – ай қазақ халқы отанын, жерін сүйіп, халқын барлық уақыт жаудан қорғаған.қазақтың ұлтжандылығы, отан сүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған аталардан ұлы мұрамыз, мақал-мәтелдеріміз нақты дәлел.
Қасиетті хадисте «Отанды сүю иманнандүр» деп келтіреді. Елін, отанын сүю, қорғау қашанда бәріміздің парызымыз болып келген. Отаншыл сезім жас ұрпақ бойында қалай және қайдан беріледі? Бұл сұраққа мен өзімше ой жүгірте отырып, былай тұжырымдадым. Білім беру ұйымдарында қазіргі замандық қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу – елдің мемлекеттік нышандарын танымал етуді қамтамасыз етумен байланысты екенін сездім. Еліміздің рәміздерін тану арқылы, сол рәміздерді сүю, құрмет ету сезімі оянады. Сондай-ақ әрбір балада патриоттық сезім оятуға әдебиет сабағы және тарих сабағының үлкен әсер бар деп ойлаймын. Бұған дәлел ретінде мен бір ғана Махамбет Өтемісұлы шығармаларын алып, талдап өткенді жөн көрдім. Махамбет өлеңдерінде «қара қазан сары бала қамы үшін қылыш сермедік»-деп елін сүйген патриот бейнесі арқылы, елі үшін туған ерлер бейнесін бере алған. Сондай-ақ, «Қызғыш құс», «Бағаналы терек» деген өлеңдерінде де сол бір Отан елі үшін жанын қиған ерлік иелері ерлер бейнесі көз алдымызға келеді.
Отаны үшін жан қиған патриоттар ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза болған Әлия, Мәншүк апаларым, Бауыржанағаларымыз өмірі арқылы біле аламын. Сондай-ақ «Желтоқсан оқиғасы» арқылы жас жанын қиып, Отаны үшін отқа түскен ағаларымыз Қайрат, апаларымыз Ләззат өмірлері де бізге үлкен сабақ. Сонау өткен тарихқа көз жүгірте отырып, өз еліміздің осы дәрежеге жетісуіне үлес қосқан отандастарымызкөп. Олардың есімі мәңгі сақталады. Біз оларды өзімізге үлгі етеміз. Қазіргі кезде де заман талабына сай елімнің өсуіне өз үлесін қосып жүрген аға-апаларымыздың өміріне қызығып қараймын және соларға ұқсағым келеді.
Дегенмен, қазіргі кезде өз елінен безіп, алдауға түсіп, шет елдерге өтіп кетіп жүрген бауырларымды көріп , Отаным – алтын бесігім, басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол – деген атам қазақтың мақалын есіне сала кеткім келеді.
Мен қазір мектеп жасындамын, ер жетіп, үлкейіп, еліме Абай атам айтқандай: «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» - деген мәтеліне сай еңбек етіп,өмірден өз орнымды тапқым келеді. Қазақстанның - болашағы ұлы. Сол болашақтың жаратушылары – біздер. Сондықтан еліме еңбек етіп, ата-анам, Отаным алдындағы борышымды адалдықпен , еңбекпен қайтарғым келеді. Бұның басты жолы – оқу. Жақсы оқыған адам ғана жете алады деп ойлаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?