Құқық | Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері
Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау са¬ла¬сындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік ор¬гандар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтуға тиіс.
2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қа¬зақстан Республикасының аумағында өз қыз¬метін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелері жұмыс орын¬да¬рындағы еңбек жағдайларын кешенді баға¬лау, өндірістік жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторинг пен тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.
Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер.
1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан Республикасының заңнамасында жә¬н¬е ұжымдық шартта көзделген осындай жағ¬дайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге тиіс.
2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиян¬ды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыс¬та¬рында істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексе¬руден өткеннен кейін және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойын¬ша қайшылықтар жоқ екендігі айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.
Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер.
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдар¬дың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туын¬даған жағдайда, қызметкердің жұмысты орын¬даудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, ар¬наулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқ¬татуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызмет¬кердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қыз¬меткердің өмірі мен денсаулығына зиян келті¬рілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.
Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру.
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызмет-керлерді Қазақстан Республикасы заңнама¬сында белгіленген тәртіппен мерзімдік медици¬на¬лық тексеруден және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
2. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машина¬лармен және тетіктермен байланысты жұмыс¬тарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәланды¬рудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру.
1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.
2. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексерудің тәртібі мен мерзімін еңбек жөніндегі уәкілетті мем¬лекеттік орган қызметтің тиісті салаларындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тек¬серіле отырып, жұмыс беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
4. Өндірістік ұйымдардың басшы қызмет¬керлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгіл-мезгіл, үш жылда бір реттен сирек бол¬майтындай етіп тиісті білім беру ұйымдарында біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіп¬сіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары.
Жұмыс беруші:
1) қызметкерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертап¬қыштық ұсыныстары үшін ынталандыруға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын қызметкерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері.
1. Жұмыс беруші:
1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық про¬цестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуе¬келдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шара¬ларын жүргізуге;
4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес білімін тек¬серуден өтуге және басшылар мен мамандар¬дың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкер¬лердің арнаулы киімі мен аяқ киімін жөндеуді қамтамасыз етуге, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес оларды профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медици¬налық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профила¬к-тикалық тағамдармен жабдықтауға;
7) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орган¬дарының лауазымды адамдарына, қызметкер¬лердің өкілдеріне солардың жазбаша сауалы бойынша ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайлары және еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге;
8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді және талдауды жүзеге асыруға;
10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес қызметкер¬лер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объекті¬лердегі еңбек жағдайларының жай-күйі бойын¬ша бес жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп мерзімдік аттестаттауды өткізуге, сондай-ақ реконструкциядан, жаңғыртудан, жаңа техника немесе технология орнатудан кейін міндетті аттестаттауды өткізуге;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республи¬касының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығын¬данбайды.
Қаражат көлемі ұжымдық шартпен айқын¬далады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау са¬ласындағы нормативтік құқықтық актілер еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдас¬тыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.
Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары.
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимарат¬тар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болуға тиіс.
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, онда тиісті сақтандыру белгілері болуға және қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жолдар бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар мүмкіндігінше бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құрал¬дары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс.
5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаске¬лерде), оның ішінде биіктікте, жерасты жағдай¬ларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.
6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жай¬лар¬дағы температура, табиғи және жасанды жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?