Төлен Әбдіков «Қонақтар». Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: 1 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Бұл сабақта оқушылар Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді. Сонымен қатар кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | 7.Т/Ж3.
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Әдеби тіл нормаларын сақтайды. Пән лексикасы және терминология:Алагеуім, апақ – сапақ, жолай, шақша, ноқта, сағағы,көлегейлеп, қынжылу, қитар Теңеу: Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.Тұрақты тіркестер: Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.Ләм - мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)Басым сынып – ауырыпШаш етектен - пайдасы молҚолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлдіМызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)Көз ілінді - ұйықтап кетуШыбын шіркей боп жүреді – барынша күтедіДисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалыпМақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт |
| Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылықты ояту
«Кроссенс» әдісі арқылы төменде берілген суреттерді бір-бірімен байланыстыра отырып, шығарма мазұнын баяндайды. (жеке жұмыс) |
| |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 10 минут 5 минут | Тапсырма №1 Ж/Ж. Кейіпкер портреті Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
Бағалау дескрипторлары
Тапсырма №2 Т. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады. F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау I /Идеясы /– кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі, шығарманың идеяы. L /Сұрақ/– кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .
Сапабек – ат жақты, қапсағай сары жігіт. Тома – омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек. Жеңіс- аяқ-қолы шидей, алтылар шамасындағы ұл бала. Бағалау дескрипторлары
| http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7979-7_tolen_abdikov_qonaqtar_anggimesi (Т.Әбдіков «Қонақтар» шығармасының аудио жазбасы) | |||||||||||||||||||||||
Сабақты бекіту 5 минут | Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды? 2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? | ||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Шығарманың композициялық құрылымына кешенді талдау жасау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?