Жастар мәдениеті және мәселесі. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Тыңдалым алды тапсырма

«Азия» тобының орындауындағы «Мен жастарға сенемін» әнін тыңдайды.

  • Мағжан Жұмабаев кімдерге сенім артып тұр, неліктен?
  • Жастар қандай болу керек дейді?

Тыңдалым тапсырмасы

Түрткі сұрақтар беріледі:

Бейнебаян не туралы?

Неліктен жастар мәселесі үкіметтің жіті назарында?

Берілген бейнебаян бойынша сынып оқушылары дифференциациялық тапсырма орындайды. Оқушылардың қабілетіне қарай 3 түсті конвертке салынған тапсырмалар таратылады.

3) Бейнебаяндағы термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды тауып, олардың қолданысын түсіндіреді, бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 тұрақты тіркеспен жеткізеді.

Сөздер

Қолданысы

Менің пікірім

Терминдер мен ұғымдар

Тілдік оралымдар

Бағалау дескрипторы:

  • термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды табады олардың қолданысын түсіндіреді;
  • бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосады:
  • өз ойын 1мақал-мәтел, 1тұрақты тіркеспен жеткізеді.

2) Бейнебаянда айтылған екі пікірді таңдап, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойларын білдіруде 1 теңеу мен 1 эпитеттті қатыстырады.

Менің ойымша, ...

Себебі ...

Мысалы,

Ойымды қорытындылайтын болсам...

Бағалау дескрипторы:

  • пікірге қатысты фактілер мен мысалдар келтіреді.
  • өз ойын білдіруде1 теңеу 1 эпитетті қатыстырады.

1) Бейнебаяннан алынған кез келген пікірді таңдап, «Гипотеза» әдісі арқылы өз пікірін Қазыбек бидің шешендік сөзімен байланыстыра отырып талдайды.

Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.

деген ойды жалғастырып, бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырып, бейнебаяндағы негізгі мәселені талдай отырып, монолог айтады. Сөз саны-140-150 сөз

Бағалау дескрипторы:

  • берілген ойды жалғастырады;
  • бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырады;
  • бейнебаяндағы негізгі мәселені талдайды.

С.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Сынып оқушылары Бөлтірік шешеннің сөздерін қазіргі өмірмен байланыстырып талқылайды.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, –

Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан.

Астамшылық деген бар, одан алыс жүр.

Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол! –



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу