Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер. Жастардың субмәдениеті. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Жастар мәдениеті және мәселесі.

Жастар субмәдениеті

Бөлім

Жастар мәдениеті және мәселесі.

Шешендік сөздер

Тақырып

Жастар субмәдениеті

Оқу мақсаттары

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

Ойлау дағдысының

деңгейі

Жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі

ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін ажырату

Мәтін

Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер - жазба әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі.[1]

Дереккөздер

↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Тапсырма.

1.Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтаңыз.

2.Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасаңыз.

3.Құрылымына , рәсімделуіне талдау жасаңыз

1. Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтаңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасаңыз.________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Құрылымына , рәсімделуіне талдау жасаңыз ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

  • Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтайды, дәлел келтіреді.
  • Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасайды.
  • Құрылымы мен рәсімделуіне қатысты мәтіннен мысалдар келтіре отырып талдайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу