Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер. Жастардың субмәдениеті. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.


Жастар мәдениеті және мәселесі.

Жастар субмәдениеті

Бөлім

Жастар мәдениеті және мәселесі.

Шешендік сөздер

Тақырып

Жастар субмәдениеті

Оқу мақсаттары

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

Ойлау дағдысының

деңгейі

Жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі

ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін ажырату

Мәтін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...... ...... ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ...... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

Жастар әлеуметтануы туралы жалпы түсінік ... ... ... ...4

Жастар: ұғымды тұжырымдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

Жастар.әлеуметтік.мәдени топ ретінде ... ... ... ... ... ... ..9

Жастар субмәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Жастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Жастар субмәдениеті

Субмәдениет (лат. Sub- төменгі, нем. kultur- мәдениет) дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғам өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысыт топтар бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.

Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет- жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы.

Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдарждың контрмәдениетімен (дәстүрлі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет(байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готка, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлерібізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлі музыкалық жанрлармен әуестеніп, өзіндік «стиль» қалыптастыратын, бейнесі мен келбеті арқылы ерекшеленіп тұратын, сондай-ақ, іс-қимылдарында да белгілі бір өзгеше тұстары бар субмәдениет өкілдері қоғамның толық белсенділері болғысы келеді. Батысқа еліктегіш жастар қазіргі заманнан қалғысы келмейді. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бірлестіктер өздеріне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар , студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А.-Алматы:Раритет,2012.-448 бет.

2. Әбдирайымова Г.С. Жастар социологиясы:оқу құралы. 2-басылым. –Алматы: «Қазақ университеті»,2012.-224б.

3. Биекенов К.У., Джаманбалаева Ш.С. Динамика и механизм детерминации подростковой преступности в Казахстане //Вестник КазНУ. Серия психология. – Алматы, 2002. – 1(8). – С. 58-65.

4. Буржуазная социология на исходе XX века-критика новейших тенденций. Социологические исследовании. АНСССР – М., 1986. – С.81-84.

5. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамасы. Статистикалық жинақ / Қ.С. Абдиевтің редак. - Алматы, 2004. -216 6.-Б. 10-11

6. Қазақстан жастары: жай-күйі, үрдістері, келешегі// ҚР Мәдениет министрлігі Жастар саясаты департаментінің сараптамалық баяндамасы.- Б. 49-50

Тапсырма.

1.Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтаңыз.

2.Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасаңыз.

3.Құрылымына , рәсімделуіне талдау жасаңыз

1. Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтаңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасаңыз.________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Құрылымына , рәсімделуіне талдау жасаңыз ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

  • Мәтіннің стилі мен жанрын, көзделген аудиториясын анықтайды, дәлел келтіреді.
  • Мәтіндегі жақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасайды.
  • Құрылымы мен рәсімделуіне қатысты мәтіннен мысалдар келтіре отырып талдайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу