Жастар мәдениеті және мәселесі. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
Тыңдалым тапсырмасы
3) Бейнебаяндағы термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды тауып, олардың қолданысын түсіндіреді, бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосып, 1мақал-мәтел, 1 теңеумен жеткізеді.
Сөздер | Қолданысы | Менің пікірім |
Терминдер мен ұғымдар | ||
Тілдік оралымдар |
Бағалау дескрипторы:
термин мен ұғымдар, тілдік оралымдарды табады олардың қолданысын түсіндіреді;
бейнебаянда айтылған пікірге өз пікірін қосады:
өз ойын 1мақал-мәтел, 1 теңеумен жеткізеді.
2) Бейнебаянда айтылған екі пікірді таңдап, мәселені анықтайды. Айтылған мәселе бойынша «ПОПС» формуласы арқылы өз ойларын 1 тұрақты тіркес пен 1 эпитетпен білдіреді.
•Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
•Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
•Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
•Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »
Бағалау дескрипторы:
пікірге қатысты фактілер мен мысалдар келтіреді.
өз ойын білдіруде1 тұрақты тіркес пен 1 эпитетті қатыстырады.
Бейнебаяннан алынған кез келген үзіндіні «Гипотеза» әдісі арқылы талдайды.
Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.
деген ойды жалғастырып, бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырып, бейнебаяндағы негізгі мәселені талдай отырып, монолог айтады. Сөз саны-140-150 сөз
Бағалау дескрипторы:
берілген ойды жалғастырады;
бейнебаяндағы терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды қатыстырады;
бейнебаяндағы негізгі мәселені талдайды.
С.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Егер..., онда..., өйткені..» арқылы тақырып бойынша алған ақпараттарды жинақтап, тұжырымдайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды