Пайдалы қазбалар-халықтың, елдің ырысы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ 1

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Пунктуация

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Тажигалиева З.Т.

Сынып: 9Т1

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Пайдалы қазбалар-халықтың, елдің ырысы

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу

 Бағалау критерийлері

 

  • Тыңдалым мәтінін зейін қоя тыңдайды;
  • Берілген ақпараттарды өмірмен байланыстыра алады;
  • Мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: табиғи байлық, пайдалы қазба, ел игілігі, т.б.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері: біздің пікірімізше, сайып келгенде, ортақ түйініміз.

 Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу, ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет, өзін-өзі тану, экономка, география пәндері

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

10 минут

3 минут

10 минут

5 минут

Ой шақыру

Сынапқа

көмір

алтын

мыс

уран

мұнай

Сыныптағы оқушыларға пайдалы қазбалардың атауы жазылған жоғарыдағы қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар пайдалы қазбалардың еліміздің қай өңірлерде көбірек бар екеніне болжам жасап, Қазақстанның картасына орналастырады. Кейін мұғалім оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары картасын көрсетеді. Оқушылар өз болжамдарын салыстырып, қаншалықты сәйкес келгенін анықтайды. Картадағы шартты белгілерді оқып, бір-бірімен талқылап, түсіндіруге тырысады.

Талқы сұрағы:

Қалай ойлайсыз, бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбын анықталады.

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

1-тапсырма

«Сіз білесіз бе?»,- тапсырмасы арқылы тақырыпты ашыңыз

1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?А) қазып алып адам тамаққа қолданатын заттар. Ә) жер қойнауын толтырып жатқан сулар Б) жер қойнауында кездесетін табиғи минералдық заттар. 2. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?А) 2 Ә) 3 Б) 43. Пайдалы қазбалар түрлерін көрсет. А) жанғыш, кенге жататын, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Ә) жанғыш, темір, шымтезек пайдалы қазбаларБ) жанғыш пайдалы қазбалар, құм, саз.4. Кенді пайдалы қазбалар деген не?А) кенде металл бос тау жыныстарымен араласып жүреді. Ә) кенде жанғыш пайдалы қазбалар болады. Б) кенге сұйық жанғыш пайдалы қазбалар араласып жатады. 

2-тапсырма

«ҚАЗАҚСТАН» атты номенклатуралық ойын ұйымдастыру

тау

өзен

көл

шөл

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушыларға «Қазба байлық ел игілігінде» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Оқушылар қарап, жұпта талқалайды.

Оқушылар жұпта талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

Мұғалім оқушыларға бейнематериалдағы ойды толықтыратын, идеясы ұқсас шағын мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, жұпта талқылайды. Мәтінде қойылмаған тыныс белгілерді оқушылар өздері қойып, жазып шығады.

Мәтін:

Менделеев кестесіне енген сол байлықтың түр-түрін болашақ ұрпаққа табыстау, барды ұқсата білу және оны тиімді пайдалану бұл бүгінгі аға ұрпақтың асыл мұраты. Өйткені болашағын ойламайтын ел болмайды. Осы бағытта Елбасы ұсынған 100 нақты қадам ұлт жоспарының басты көздегені – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру, ол үшін тәуелсіз елімізді әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосу екендігі еріксіз ойға оралады.Иә пайдалы қазбаларды ешкім ешқайда әкетпейді. Ол халықтың, елдің ырысы. Еліміз сол байлығы арқылы әлемге танылып, ат құлағын алпауыт елдермен теңестірді. Сол үшін де  пайдалы қазбаларымызды жаңарған заманның үрдісімен тиімді әрі неғұрлым сапалы пайдалану – басты міндетіміз болып табылады.Еліміз талай сындардан сүрінбей өтіп келеді. Бұған тәубе дейміз. Ендігі сын – ілгері өрлеудің, дәуірлеудің сыны. Бұған тек қана экономикалық өсім арқылы қол жеткізуге болады. Бағытымыз айқын, қадамымыз нық. Дәтке қуаты – осы.

Ибрагим Бекмаханұлы

Бағалау критерийі

Дескриптор

тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу

-тыңдалым мәтінін зейін қоя тыңдайды;

-берілген ақпараттарды өмірмен байланыстыра алады;

-мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді.

 

«Шығыс базары» әдісі бойынша оқушылар араласа жүріп мәтіндерін оқиды, түзету жұмыстарын жасайды..

Таратпа материал

Таныстырылым

«Қазба байлық ел игілігінде»

https://www.youtube.com/watch?v=aoKey-TSWq4

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

  • Сабақ барысында не қиын болды?
  • Мақсатқа қалай қол жеткізді?
  • Нені жақсарту керек? Стикерге жазады.

Стикерлер, сурет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу