Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктер. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 7 сабақ


Сабақтың тақырыбын анықта

Ой қозғау

Берілген суреттер не туралы деп ойлайсыз?

Суреттерді өзара байланыстырсақ қандай тақырып шығады?

Берілген суреттің астарында қандай мағына жатыр?

Оқу мақсаты

Ж4 Эссе жазу: Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу

ӘТН 1 Орфографиялық норма:

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.

Көптеген оқушылар:

эссенің бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.

Кейбір оқушылар:

эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы эссе жазады, орфографиялық норманы сақтап жазады.

Бағалау критерийлері

Жазылым мақсаты бойынша:

эссе құрылымын сақтайды;

тақырыптан ауытқымайды;

эссе жазады.

Әдеби тілдік норма бойынша:

орфографиялық норманы сақтайды;

емлелік қателер жібермейді.

«Ойлан-жұптас-бірік»

Жануарлар мен өсімдіктерді не үшін қорғау қажет?

Жануарлар мен өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

Өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін не істеу қажет?

Өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын қандай іс-шараға куә болдыңыз?

Эссе құрылымы

Кіріспе бөлім

1.Жалпы ой

2.Тезистік ой

Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады:

Жалпы пікір оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін;

тезистік пікірэсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

Негізгі бөлім бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойлары талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

Қорытынды бөлім

Негізгі ойларды қорытындылау және бір тұжырымға келу

Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.

Сонымен қатар, эсседе ойдың бірізділігі сақталуы тиіс. Жалғаулық шылаулар мен есімдіктер (сілтеу, жалпылау, т.б.) де орынды қолданылуы қажет.

Мысалы:

Тақырыптық сөйлем:

1.Майлы тағамдар асқазанға зиян.

Қолдаушы сөйлемдер:

2.Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.

3.Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады

4.Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар

Қорытынды сөйлем:

5.Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз қолдану

Эссе тақырыбы:

«Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғауға болады?»

Бағалау критерийлері

Жазылым мақсаты бойынша:

эссе құрылымын сақтайды;

тақырыптан ауытқымайды;

эссе жазады.

Әдеби тілдік норма бойынша:

орфографиялық норманы сақтайды;

емлелік қателер жібермейді

Кері байланыс

сабаққа қандай мақсат қойылды?

біз сабақ мақсатына жеттік пе?

сабақ мақсатына жетуде қандай қиындықтар туындады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу