Мәңгілік елдің болашағы. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 127 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлім: Болашаққа саяхат

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

127-сабақ Мәңгілік елдің болашағы

Оқу мақсаттары

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

4.4.2.7 сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды (және, себебі, мен, пен) қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдалған мәтіннің негізгі тұстарын белгілеп, мәтіннің мазмұнын айтады, шылау сөздердің бөлек жазылуын біледі.

Көпшілік оқушылар: тыңдалған материал бойынша мәтіннің негізгі тұстарын белгілейді және мәтін мазмұнын айтуда қолданады, шылау сөздерді қолданады.

Кейбір оқушылар:.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің негізгі тұстарын түртіп алады;
  • мәтін мазмұнын айтуда белгілеп алған негізгі тұстарды қолданады;
  • мәтін мазмұнына байланысты өз пікірін білдіреді;
  • шылау жалғаудан ажыратасың;
  • шылауды қолданасың.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Халықтың тарихын білуге және оны құрметтеуге, ана тілін құрметтеуді насихаттау .

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады, шылау сөдердің жазылуын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату жаттығуы

«Үш пікір» әдісі. Оқушылардың сурет бойынша 3 пікір айту мүмкіндігі бар.Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы сандықшаға тастап отырады. Барлық оқушылар өз пікірлерін айтып болған соң, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап айтуларын сұрайды.

 Сабақтың тақырыбы мен оұу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Слайд №1-3

1-қосымша

Сабақтың ортасы

(Ө;Т) Мәтінді оқу. Негізгі тұстарын белгілеп отыру.

35-жаттығу. Мәтінді тыңда.. «Инсерт» әдісі (2-2,5 мин)

V

білемін

келіспеймін

+

жаңалық

?

білгім келеді

Ақпаратпен бөлісу

- Күнделікті өмірден білетін мәтіндегі ақпараттар қайсы?

- Сен келіспейтін ақпарат кездесті ме?

- Қандай жаңа ақпарат білдің?

-Тағы не білгің келеді?

(Т) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыр. Топта сұрақтарды өзара талқылап, топ сұрақтарының тізбесін әзірлеу.

- Маған ең ұнаған сұрақ, себебі...

- Менің ұсынысым, осы сұрақты әлі де ... осылай жетілдіруге болады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар?

- Мәтін мазмұнына өз пікірлеріңді білдіріңдер.

-Қай топтың пікірі нақтырақ болды?

Дескриптор

- мәтіннің негізгі тұстарын белгілейді;

-пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыра алады;

-өз пікірлерін ортаға салады.

Б. Топтардың бірін – бірі бағалауы.

36-жаттығу. «Венн диаграммасы» әдісі

(Т) Екі бағанда берілген сөйлемдерді салыстырады.

Дескриптор:

  • сөйлемдерді салыстырады;
  • ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;

Б. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

Ереже

Да (де), та (те) шылау болса, атау септіктегі сөзбен байланысады да, бөлек жазылады. Мысалы: Күн де жылынды, көк те шықты.

Да (де), та (те) жатыс септік жалғауы болса, өзі жалғанған сөзбен бірігіп жазылады. Мысалы: Мал қорада тұр.

Мен (бен, пен) шылау болса, бөлек жазылады. Мысалы: Ол қағаз бен қалам алды.

Мен (бен, пен) көмектес септік жалғауы болса, өзі жалғанған сөзбен бірігіп жазылады. Мысалы: Мен әкеммен сөйлестім.

37 -жаттығу.

(Ө; ЖЖ) Жақшаны ашыпғ мәтінді көшіріп жаз. Шылау сөздер мен жалғаулардың жазылуына назар аудар.

Дескриптор:

  • мәтінді көшіріп жазады;
  • шылауды бөлек жазады;
  • жалғауды бірге жазады;
  • шылау мен жалғауды ажырата алады.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

(Ж) Өзіңді тексер. «Семантикалық карта» әдісі.

шылау

жалғау

Тоғайда құс көп.

Қора да ескірді.

Құлын мен тай жарысты.

Көлде балық бар.

Құс та, ұшақ та самғады.

Дескриптор:

-шылау мен жалғауды ажыратады.

Жұпта талқылап, бір –бірін өзара тексеріп, жіберілген қате түрлерін анықтайды.

Б: Өзара бағалайды.

39-жаттығу. «Ойлан, тап»

Кестені толтыр.

Бөлек жызылатын шылаулар

Дефиспен жазылатын шылаулар

Жалғаулармен тұлғалық ұқсастығы бар шылаулар

Дескриптор:

  • шылаудың емлесін біледі;
  • шылуларды ажыратады.

Б. Жұлдызша арқылы бағалау

Оқулық

Слайд №4

2-қосымша

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7

3-қосымша

Слайд№8

4-қосымша

Сабақтың соңы

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Қосымша 4

Саралау

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор

-мәтіннің негізгі тұстарын белгілейді;

-пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыра алады;

-өз пікірлерін ортаға салады;

-шылау мен жалғауды ажырата алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу