Пайдалы қазбалар-халықтың, елдің ырысы. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша материал.


Қосымша материал

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ – ЕЛ ИГІЛІГІ

Еліміздің жер қойнауы – тұнып тұрған байлық. Әлі де игерілмеген пайдалы қазбалар сайын даламыздың кез келген пұшпағында кездеседі. Игеріліп, ел игілігіне айналып жатқандары да халықтың көз алдында

Менделеев кестесіне енген сол байлықтың түр-түрін болашақ ұрпаққа табыстау, барды ұқсата білу және оны тиімді пайдалану – бұл бүгінгі аға ұрпақтың асыл мұраты. Өйткені, болашағын ойламайтын ел болмайды. Осы бағытта Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының басты көздегені – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру, ол үшін тәуелсіз елімізді әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосу екендігі еріксіз ойға оралады.Иә, пайдалы қазбаларды ешкім ешқайда әкетпейді. Ол – халықтың, елдің ырысы. Еліміз сол байлығы арқылы әлемге танылып, ат құлағын алпауыт елдермен теңестірді. Сол үшін де  пайдалы қазбаларымызды жаңарған заманның үрдісімен тиімді әрі неғұрлым сапалы пайдалану – басты міндетіміз болып табылады.Ұлт жоспарының 74-қадамында пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің CRIRSCO халықаралық стандарттар жүйесін енгізу арқылы жер қойнауларын пайдалану сапасының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру қажеттігі тегіннен-тегін көтеріліп отырылған жоқ. Бұл ұлттық байлығымызға деген жанашырлық пен қамқорлықтың игі нышаны емес пе.Осы тарихи құжаттың 75-қадамында пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасасудың оңтайландырылған әдісін енгізудің қажеттігі атап көрсетілген. Бұл бағытта қазір тиісті министрліктер мен ғылыми орталықтардың қажетті жұмыстар жүргізіп жатқаны, олардың оң нәтиже бере түсетіндігі даусыз. Өйткені, уақыт, заман талабына ілесу, жаңа тәжірибелер мен озық бастамалардың көшбасшысы болу – осы саладағы мамандардың басты борышы болуға тиіс.Нақты қадамдар – бүгінгі таңда атқарылатын  жұмыстардың айқын бағдары, тіпті темірқазығы десе де болады. Еліміз талай сындардан сүрінбей өтіп келеді. Бұған тәубе дейміз. Ендігі сын – ілгері өрлеудің, дәуірлеудің сыны. Бұған тек қана экономикалық өсім арқылы қол жеткізуге болады. Бағытымыз айқын, қадамымыз нық. Дәтке қуаты – осы.

Ибрагим Бекмаханұлы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу