Қазақстандағы көрнекті орындар. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрнекті орындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

 Сабақтың мақсаттары

Перифразаның синонимдік тәсілін қолдану арқылы мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

 Бағалау критерийі

Перифраза тәсілінде сөздерді синонимдерге ауыстыра алады, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

орган дыбысына ұқсас, сыр шертеді, сына жазуы, останцы (тау) жыныстары, монументальды өнер ескерткіштері, шүйгін жайылымды жазық дала, қыналар мен папоротниктер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

География, биология, тарих

Бастапқы білім

Қазақстандағы туризм түрлері

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1

1-2

2-5

1. Раппорт (сенім) орнату. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді, оларға жылылық танытып, жұмсақ сөйлеседі, орынды мадақтау айтады.

2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды.

3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Оқушыларды санау арқылы төрт топқа бөледі.

Сабақтың ортасы

5-10

10-25

25-28

28-35

Оқылым алды тапсырма

Әр топқа мәтіндерде кездесетін сөз тіркестері ұсынылады. Олар топ ішінде талқылай отырып, өзге пәндердер алған білімдерін қолданып, сөз тіркестеріне түсінік береді. Бұл тіркестердің қай пәнде кездесетіндігін айтады.

Сөз тіркестері:

орган дыбысына ұқсас (музыка пәні);

сыр шертеді (қазақ тілі, әдебиет, ауыспалы мағына);

сына жазуы (тарих);

останцы (тау) жыныстары (геогарфия);

монументальды өнер ескерткіштері (тарих);

шүйгін жайылымды жазық дала (география);

қыналар мен папоротниктер (биология).

Оқушыларға ойлануға 2 минут уақыт береді. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін бірнеше оқушының талқылау қорытындыларын тыңдайды.

Оқылым тапсырмасы

1-қадам. Оқушылар топта өздеріне берілген мәтіндерді мұқият оқиды. Мәтіндер Қазақстандағы көрнекті орындар туралы ақпаратты қамтиды.

2-қадам. Әр топ өз мәтінінде берілген ақпаратты «Бұл орын ...» деп сипаттау сөздерін қолдана отырып, өзге топтарға жасырын түрде таныстырып айтып береді. Бірақ қандай орын, еліміздің қай өңірінде орналасқандығы туралы туралы нақты ақпарат айтылмайды.

3-қадам. Топтар осы орынды анықтау мақсатында әр топқа қатысты 1 сұрақтан құрастырады (4 топқа 4 сұрақ).

Құрастырылатын сұрақтар мәтіндегі берілген сөздерді синониммен ауыстырып жазылуы яғни, перифраза тәсілі арқылы жасалған болуы тиіс:

Мысалы,

Мәтіндегі сөйлем: «Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі».

Перифраза тәсілімен жасалған сұрақ: «Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» көпшілікке белгілі жерлер ме?»

4-қадам. Құрастырған сұрақтарын топтар өзге топтарға қояды, жауаптарды тыңдайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Топтағы оқушылар барлық ақпараттарды тыңдай отырып, оқылым мәтіні негізінде топтық сызба жасайды, яғни Қазақстандағы көрнекті орынды анықтап жазып шығады, өз жауаптарын қорғайды, мәтінде берілген ақпаратпен салыстырылады:

Дескриптор:

- сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді;

- туристік орынды сипаттайды;

- перифраза тәсілін қолданып сұрақ құрастырады;

- сұрақтарға жауап береді.

Өзіндік бағалау

Оқушы өзін-өзі бағалайды. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болу үшін мұғалім мынадай үлгі ұсына алады:

Үлгі (шаблон):

Мен үшін бүгінгі тақырып құнды болды, себебі ..., біріншіден, ..., екіншіден.

Мен ... жақсарту үшін біріншіден .... орындауым керек, екіншіден ... назар аударуым керек.

1-таратпа

2-таратпа

1-топқа – «Алтынемел Ұлттық табиғи паркі»

2-топқа – «Бесшатыр қорғаны»

3-топқа -«Шарын каньоны»

4-топқа - «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы»

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Сабақтың соңында оқушылар:

Не үйренгендері туралы ойланады.

Өз жұмыстарына анализ жасай отырып, келесі сабақтың мақсаттарын белгілейді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу