Қазақстандағы көрнекті орындар. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 4 сабақ.


 

 Мұғалімге қосымша мәлімет үшін

 

 Перифраза (грекше речі — айнала,— рһгазіз — айтамын) — белгілі бір ұғымды әдеттегіден басқаша сөз орамы немесе сөз тіркесі арқылы түсіндіру. Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттың, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді. Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желеңді абзал жандар» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық қалаулылыры», «халық қызметшісі» деп қолданудағы мақсат бір сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша етіп атау, оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандай да бір эмоционалды-экспрессивті баға беру үшін қолданылады. Сондай-ақ, кітап деудің орнына «жан азығы» деп атай отырып, жазушыларды «жан азығын өңдеушілер», «адам жанының инжинерлері» деп ауыстырып атаудың өзіндік мақсаты, атқаратын қызметі бар. Бұл, біріншіден, стильдік мақсатта айтылып тұрса, яғни бір сөзді қайталап айта бермес үшін ойды түсініктірек баяндау үшін, бір ұғымды түрлендіріп әртүрлі атаулармен атап, жалпы мәтіннің көркемдігін арттыру болса, екіншіден, перифразалар заттың, кейіпкердің қасиетін, ерекшеліктерін баса көрсетуде, уақиғаны суреттеуде образдылық жасап, айтылған ойдың әсерлілігін арттырады.

 Перифразаның ерекше бір түрі — эвфемизм. Перифразаның бұл түріне бірнеше мысал келтірейік. Өтірікші — аузының желі бар; түсінеді — төбесі тесік; ұры — қолының жымқырмасы бар; ұрлық қылмайды — біреудің ала жібін аттамайды; ұрлану — қолды болу; өлді — келмеске аттану, пейішке аттану, жан тәсілім қылу, о дүниеге аттану, мәңгі ұйқыға кету, жаны жаһаннамға кетті, өсек-сыбыс — сымсыз телефон, ұзын құлақ. Эвфемизмдер осылайша әр түрлі себептермен астарланып айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу