Қазақстандағы көрнекті орындар. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 4 сабақ.


1-таратпа

«Біліп жүр!»

 Перифраза (грекше речі — айнала,— рһгазіз — айтамын) — белгілі бір ұғымды әдеттегіден басқаша сөз орамы немесе сөз тіркесі арқылы түсіндіру. Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желеңді абзал жандар» деп атау.

 Перифразаның ерекше бір түрі — эвфемизм. Мысалы, ұрлық қылмайды — біреудің ала жібін аттамайды.

 2-таратпа

 Алтынемел Ұлттық табиғи паркі

 Алтынемел Ұлттық табиғи паркі Іле өзені алқабында орналасқан. Парк 1996 жылы осы өңірдің бірегей табиғи кешенін сақтау үшін құрылды.

 Әнші құм сиқыры. Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкендігі сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.

 Құмның тағы бір ерекшелігі ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтатын аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні – ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені.

 

 Бесшатыр қорғаны және қазақ жеріндегі Стоунхендж

 Алтынемелдің көрнекті орындарының ішіндегі ең танымалы – Бесшатыр хан қорғандары. Сыртынан қарағанда, биіктігі жиырма метр болатын қарапайым төбелерге ұқсайды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде біздің заманымызға дейінгі VII-III ғасырларда өмір сүрген сақ көсемдері жерленген.

 Қорғандарды бойлай, бетінде жануарлар бейнесі қашалған 45 кесек тас тізіліп тұр. Осы ерекше тастарды алғаш көрген туристер оларды ағылшынның танымал Стоунхенджімен салыстырған еді.

 Сонымен қатар, осы жерде белгілі Тамғалы тас – тастарға салынған ежелгі суреттер ескерткіші орналасқан. Бұл суреттер екі мың жылдан астам уақыт бұрын, шамамен біздің заманымызға дейінгі XVI-XIV ғасырларда салынған еді. Негізінен бұл суреттер –Үндістан мәдениеті білгірлерінің арасында танымал буддистік жазбалар мен құдайлар бейнесі. Тамғалы таста VIII-IX ғасырлардан қалған түркі сына жазуы да сақталған. Бұл жазу қыпшақтардан қалған болуы мүмкін.

 Іле өзенінің құмды жағалауында дем алып, күнге күйіп, жылы суында шомылуға болады. Осы жерде тұрып, өзеннің ар жағынан көрінетін, 100 метрлік қызыл тасты жартас көрінісін тамашалауға болады.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

 Атақты Шарын каньоны. Оны Үлкен Колорадо каньонының (АҚШ) кіші бауыры деп те атайды. Бұл жер вестерндерді жақсы көретіндер үшін еркіндік – «Верная рука – друг индейцев», «Охотники за скальпами» фильмдерінің стиліндегі Жабайы Батысты игеру көріністерін қоюға мүмкіндік береді. Ал театрландырылған көріністерге бейімділігі жоқтардың мәңгілік туралы ойға батуы мүмкін.

 Каньонның «Долина замков» деген тағы бір атауы бар. Себебі бұл жердегі үнсіз жатқан алып жартастар өздерінің таңғажайып пішіндерімен таңқалдырады. Табиғат атты сәулетші тастан және останцы жыныстарынан салған «Винни-Пух», «Утка в гнезде», «Пингвин» және басқа аталуы жоқ қорғандар өз деңгейінде «өмір сүрген» 300 миллион жылмен салыстырғанда екі мыңжылдық пен біздің дәуіріміздегі жаңа ғасырдың өткен бірнеше жылы қас қағым сәттей болып көрінеді.

 «Шарын каньоны» – жаратылысында табиғи кешен. Ол Үлкен Колорадоның шағын түрі іспеттес. Ондаған және жүздеген метрлік биіктікке көтерілетін ертегідегідей қорғандардың қайталанбас мұнараларына, содан кейін каньонның түбіндегі адамдардың кішкентай мүсіндеріне қарап еріксіз ойға қаласың. Жердегі адамзат атаулының ролі, тарихтағы тұлғалар, табиғатпен үйлесімді өмір туралы ойланасың.

 

 

 «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы

 «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы 1996 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы бойынша құрылған болатын. Оның негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 182 000 гектардан аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына Зеренді, Шалкар және Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері енеді. Ұлттық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялык, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар. Сырымбет ауылында, Сырымбет тауының баурайында 19 ғасырдағы ағаштан тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын ұлы ғалым жерлесіміз Шоқан Уәлиханов отбасының қалпына келтірілген қонысы бар. Аталған қоныс негізінде тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылды. Мұндай кешен Қарасай мен Ағынтай батырларға да арналып салынды. Ұлттык саябақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі сан алуан дәуірлер және байлықтар флорасы мен фаунасының өзара сирек ұшырасатын үйлесімі болып табылады. Көне дәуірдің қыналары мен папоротниктері қазіргі ағаш және бұталы өсімдіктердің астындағы қабатында жатыр. Сібір тайгасына тән жануарлардың түрлері бұлан, сілеусін, орман, сусары, ақ қоян, ақ тышқан оңтүстік дала мен шөлейтті аймақта тіршілік ететін қарсақ, саршұнак, орқоян, күзен, суырлармен араласа өмір сүрүде. Күз және қыс мезгілдері - аңшылар үшін нағыз олжа. Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырауқұлақтарын кең дастархандай жаяды. Ал көл сулары балықтардың түр-түріне молаяды. Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі. Бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайың-қарағай сұлулығымен көз тартады. Құрамында озоны бар шипалы ауа - бал қарағайлардың еңбегі. Орман ішінде туристер сүрлеу жол бойымен аяңдай алады. Машина және жаяу жолдардан басқа мұнда ат және велосипед жүретін жолдар салынған. Қыстыгүні шаңғы тебу мүмкіндігі де бар. Құстар мен балықтарға бай көлдер мен ормандар, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу