2.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_44-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_Презентация
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
Бөлім:Уақыт
Сабақ тақырыбы:
44-сабақ. Түбірлес сөздер
(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А.,
«Атамұра», 2018 ж.)
Құрастырған: Каирова К. У.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және жауап беремін.
негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасаймын, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратамын.
жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзетемін.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс:
Сүрегі- талшықты өсімдіктердің су өткізгіш талшығы.
Тыйым- қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі. Жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақ болу.
Сергіту сәті
Қосымша
Тұрады сөз құрамы,
Жұрнақ пенен жалғаудан.
Егер олар болмаса,
Сөзде болмас еш бір мән.
Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Түбірлес сөздердің астын сыз.
Бояу түрін таңдап-ап,
Әсем сурет сала алған.
Суретші аға өнерін,
Өте жақсы көремін.
Мен де ағамдай боламын,
Таудай биік талабым.
Кең әлемге танымал,
Мен суретші боламын.
Каирова К. У.
1.Түбір сөзді тап
а)оқу ә) оқулық б) оқушы в) оқушылар
2. Қосымша деген не?
а) түбір, жұрнақ ә) түбір, қосымша б) түбір, жалғау
в) жұрнақ, жалғау
3. Түбірлес сөзді тап.
а) малшы, әнші ә) күйші, сазгер б) сыйлық, сыйлы
в) қала, сабақ
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
а) түбірлес сөз ә) туынды сөз б) негізгі сөз в) дара сөз
5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?
а) бірнеше түбірден ә) екі түбірден б) бір түбірден в) әр түрлі түбірден
Тест
Саралау тапсырмасы.
Үй тапсырмасы Түбірлес сөздер жазып, сөз құрамына талда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?