3.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_44-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ Дидактикалық материал


Дидактикалық материалдар

Бөлім:Уақыт

Сабақ тақырыбы: 44-сабақ. Түбірлес сөздер

Қосымша № 1

«Жүйрік минуттар» әдісі

1-топ

1.Сөз неден тұрады?Мысал келтір:

2.Сөздің бөлінбейтін бөлігі не деп аталады?Мысал келтір:

3.Қосымша қандай қызмет атқарады?Мысалмен дәлелде:

4.Түбірлес сөздер қалай жасалады?

5. Берілген түбірлерге жұрнақ жалғап айт.- ойын, -баспа, -ем, -дәрі

2-топ

1. Түбір сөздер дегеніміз не? Мысал келтір:

2.Жұрнақтың қызметі қандай? Мысалмен дәлелде:

3.Жалғаулар сөзге не үшін жалғанады?

4.Түбірлес сөздер дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.

5. Берілген жұрнақтардың түбірін тап. -лық, -шық,- қы, -хана

Қосымша № 2

Суретші боламын.

Өлеңді оқып, жатқа жаз. Түбірлес сөздердің астын сыз.

Бояу түрін таңдап-ап,

Әсем сурет сала алған.

Суретші аға өнерін,

Өте жақсы көремін.

Мен де ағамдай боламын,

Таудай биік талабым!

Кең әлемге танымал,

Мен суретші боламын!

Каирова К. У.

Қосымша №3

Тест

Саралау тапсырмасы.

1.Түбір сөзді тап

а)оқу ә) оқулық б) оқушы в) оқушылар

2. Қосымша түрін белгіле

а) түбір, жұрнақ ә) түбір, қосымша б) түбір, жалғау

в) жұрнақ, жалғау

3. Түбірлес сөзді тап.

а) малшы, әнші ә) күйші, сазгер б) сыйлық, сыйлы

в) қала, сабақ

4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз

а) түбірлес сөз ә) туынды сөз б) негізгі сөз в) дара сөз

5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?

а) бірнеше түбірден ә) екі түбірден б) бір түбірден в) әр түрлі түбірден



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу