1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_44-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлім:Уақыт

Сабақ тақырыбы

44-сабақ. Түбірлес сөздер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Барлық оқушылар:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
  • түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Оқушылардың көбі:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
  • туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

  • оқылған мәтіндегі маңызды тұстары бойынша сұрақ құрастырып, жауабында түсінік бере отырып, өз көзқарасын білдіреді;
  • туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,

туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді

тауып, түзетеді;

Бағалау критерийлері

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді

- негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады.

- жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Түбір сөз және туынды сөз. Түбірлес сөздер.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қосымша қандай қызмет атқарады?

Түбірлес сөздер қалай жасалады?

Құндылықтарды дарыту

Уақытты ұтымды, пайдалы іске қолдана білуге баулу;

Оқушыларды уақыттың қадірін  білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады, түбірлес сөздердің мағынасын ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж) «Жүйрік минуттар» әдісі

Бұл әдісте оқушылар екі топқа топтастырылады. Әр топ қарсы топқа өзара ақылдаса отырып, сұрақтар дайындап қояды. Дайындаған сұрақтарына топтар ортада тұрып, жауап береді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.

1-топ

1.Сөз неден тұрады?Мысал келтір:

2.Сөздің бөлінбейтін бөлігі не деп аталады?Мысал келтір:

3.Қосымша қандай қызмет атқарады?Мысалмен дәлелде:

4.Түбірлес сөздер қалай жасалады?

5. Берілген түбірлерге жұрнақ жалғап айт.- ойын, -баспа, -ем, -дәрі

2-топ

1. Түбір сөздер дегеніміз не? Мысал келтір:

2.Жұрнақтың қызметі қандай? Мысалмен дәлелде:

3.Жалғаулар сөзге не үшін жалғанады?

4.Түбірлес сөздер дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.

5. Берілген жұрнақтардың түбірін тап. -лық, -шық,- қы, -хана

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Сабақтың ортасы

3 минут

8 минут

2 минут

4 минут

7 минут

3 минут

3 минут

4 минут

ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Ыы ыыы ЫЫЫ ынта ықылас ыстық ысырап ынталы ылғи

Осы сөздердің бірін пайдалана отырып алфавиттік сөйлем құрап жазуға болады.

3.2.3.1, 3.4.2.1 (Ұ; Т; Қ) 26-жаттығу. Мәтінді оқы.

  • Сұрақтарға жауап бер:
  • Неліктен ағаштар «отындық», «кәделік» болып бөлінеді?
  • Ағаштың жасына қарай қандай түрлері бар?
  • Жас ағашты неге кесуге болмайды?
  • «Көктей соласың» деп неліктен айтады? Себебін топта талқыла.
  • Мәтіннен түбірлес сөздерді тап.
  • Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндірме сөздіктен біліп ал.

Оқушылар топтарға біріктіріледі. Мәтін мазмұнымен танысады. Әр топ сұрақ бойынша білетін мәліметтерін ортаға салып, ой бөліседі. Мәтінде кездескен түсініксіз сөздердің мағынасын сөздік арқылы біледі. Мәтіннен түбірлес сөздерді тауып, дәптерлеріне көшіріп жазады.

Түсіндірме сөздікпен жұмыс:

сүрегі- талшықты өсімдіктердің су өткізгіш талшығы

тыйым- қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі. Жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақ болу.

Бағалау дескрипторы:

- мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді;

- мәтіннен түбірлес сөздерді табады;

- сөздерді қатесіз жазады.

Сергіту сәті «Қосымша» өлеңі

Тұрады сөз құрамы

Жұрнақ пенен жалғаудан

Егер олар болмаса,

Сөзде болмас еш бір мән.

3.4.2.1, 3.3.5.1 (Ұ, Т) Өлеңді оқып, жатқа жаз.

Түбірлес сөздердің астын сыз.

Бояу түрін таңдап-ап,

Әсем сурет сала алған.

Суретші  аға өнерін,

Өте жақсы көремін.

Мен де ағамдай боламын,

Таудай биік талабым.

Кең әлемге танымал,

Мен суретші боламын.

Каирова К. У.

Оқушылар өлеңді бірнеше рет хормен қайталап, жатқа жазады. Жазып болған соң дұрыс нұсқасын мұғалім интербелсенді тақтадан көрсетеді. Жіберілген қателерді түзетеді. Түбірлес сөздердің астын сызады. Қосымшалы сөзді сөз құрамына талдайды.

Бағалау дескрипторы:

- түбірлес сөздерді тауып, астын сызады;

- қосымшалы сөзді сөз құрамына талдайды;

- өлеңді қатесіз, сауатты жазады.

3.4.2.1, 3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) 27-жаттығу. Берілген сөздерден туынды сөздер жасап жаз.

Оқушылар өз бетінше берілген сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды сөздер жасайды. Болған соң жұпта талқылап, тексереді. Өзара бағалау

(МК; Ұ) Суретпен жұмыс. 28-жаттығу. «Ойлан, тап!»

Оқушылар топта ақылдаса отырып суреттегі адамдардың жасына орай ағаштың қай түбірі сәйкес келетінін анықтап, ортада өз тұжырымдарымен дәлелдеп айтады.

Бағалау дескрипторы:

- туынды сөздер құрастырады;

- сөздерді қатесіз, сауатты жазады.

3.4.2.1 (Ұ, Ө. Т) Тест Саралау тапсырмасы.

1.Түбір сөзді тап

а)оқу ә) оқулық б) оқушы в) оқушылар

2. Қосымша түрін белгіле

а) түбір, жұрнақ ә) түбір, қосымша б) түбір, жалғау

в) жұрнақ, жалғау

3. Түбірлес сөзді тап.

а) малшы, әнші ә) күйші, сазгер б) сыйлық, сыйлы

в) қала, сабақ

4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз

а) түбірлес сөз ә) туынды сөз б) негізгі сөз в) дара сөз

5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?

а) бірнеше түбірден ә) екі түбірден б) бір түбірден в) әр түрлі түбірден

Бағалау дескрипторы:

- түбір сөздерді табады;

- түбірлес сөздерді ажырата алады;

- түбірлес сөздердің жасалу жолдарын анықтайды.

№1 Дәптермен жұмыс

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

№1 Дәптермен жұмыс

3-слайд

4-слайд

5-слайд

№1 Дәптермен жұмыс

№1 Дәптермен жұмыс

Суреттер

6-слайд

А4 қағаз

Интерактив

ті тақта

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: Сабақты қорытындылау.

«Менің

білетінім,...»

Есімде сақтаймын,..»

«Бүгін білдім,..»

Оқушылардан кері байланыс алынады.

Үй тапсырмасы

Түбірлес сөздер жазып, сөз құрамына талдау

7-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу