алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_43-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Уақыт

Сабақ тақырыбы

43-сабақ. Түбірлес сөздер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Барлық оқушылар:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
  • тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
  • түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;

Оқушылардың көбі:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
  • туынды сөздердің құрамына ажырата алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
  • мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды;
  • туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады,

туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;

Бағалау критерийлері

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;

- мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

- негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады;

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Түбір сөз және туынды сөздер

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Түбірлес сөздер қалай жасалады?

Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды? Неліктен? Себебін дәлелде.

Құндылықтарды дарыту

Уақытты ұтымды, пайдалы іске қолдана білуге баулу;

Оқушыларды уақыттың қадірін  білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады, түбірлес сөздердің мағынасын ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж) «Үйіңді тап!» ойыны.

Киіз үйлердің макетінде «жұрнақтар», «жалғаулар» деп жазылған. Оқушылар «жұрнақтар», «жалғаулар» болып, екі топқа біріктіріледі.

Әр топ алған қағаздарындағы жазудың қай үйге жататынын ой

елегінен өткізеді. (-ғыш, -шы, -лық, -лік, -ге, -қа,-дің,-ды,-ді)

Топта ақылдасып болған соң сөзді үйшіктерге орналастырады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Суреттер киіз үй макеттері

3-слайд

Сабақтың ортасы

8 минут

3 минут

3 минут

5 минут

5 минут

8 минут

ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

Үү үүү ҮҮҮ үй үйлесім үйреншікті үлгілі үбірлі, үлкен, үнемі

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

3.2.3.1, 3.2.6.1, 3.4.2.1 (Т. Ж, Ұ. Ж) 22-жаттығу. Мәтінді тыңда.

  • Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
  • Осы мәтінді «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстыр. Мәтіндердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
  • Досыңнан сұрап алып, оның өмірбаянын айтып бер.
  • Сурет-суретші, мал-малшы сөздерін өзара салыстыр. Олардың түбіріне назар аудар.

«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына басқа топтың оқушылары жауап береді.

Оқыған мәтіндерін «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.

Досының өмірбаянын сұрап, әңгіме жүргізеді. Өмірбаян айтудың қадамдары бойынша өз ойын жинақтап, досының өмірбаянын топта жариялауға дайындалады.

«Автор орындығы» стратегиясы бойынша досының өмірбаянын айтып береді. Сурет-суретші, мал-малшы сөздерін өзара салыстырып,олардың түбіріне назар аударады. Жаңа ақпаратпен танысады.

Бір түбірден тараған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. білілім- білімді- білгіш:өнер-өнерлі- өнерпаз.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді;
  • мәтіндерді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады;
  • сөздерді салыстырып, түбірлес сөздердің жасалу жолдарына назар аударады;

3.4.2.1 (МК; Ө; Қ) 23-жаттығу.

  • Жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жаз.
  • Түбірлес сөздерді тап.

Оқушылар жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жазып, түбірлес сөздердің астын сызады.

Сергіту сәті: Дене қимыл жаттығулары жасалады.

(Т. Ж) 3.4.2.1 «Жасырынған жұрнақтар» ойыны

бала

?

тоқыма

?

би

?

кезек

?

оқу

?

Оқушылар топта ақылдаса отырып, жасырынған жұрнақты табады.

Ортада басқа топтармен ой бөліседі. Құрастырылған түбірлес сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Ж. Ж) 25-жаттығу.

  • Суретке қарап, түбірлес сөздерді оқы.
  • Түбірлес сөздерді тап.
  • Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды? Неліктен? Себебін дәлелде.

Оқушылар жұпта отырып орындайды. Түбірлес сөздерді табады. Түбірлес сөздер тобына жатпайтын сөздерді дәлелдеп, түсіндіреді. Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен іздеп, оқиды.

Бағалау дескрипторы:

- жас атауларын жүйелейді;

- түбірлес сөздерді табады;

- түбірлес сөздердің жасалу жолын біледі;

3.4.2.1 (Ұ. Ж) Шығармашылық үзіліс. Саралау

Терме диктант. Түбірлес сөздерді теріп жаз. Сөз құрамына талда.

суат, көл, өнерлі, оқушы, балықшы, сулық, оқулық, өнерпаз, қазан, дәптер, өзен, жаттығу

Берілген сөздер тізбегінен түбірлес сөздерді теріп жазады. Жұпта бір-бірін тексереді. Түбірлес сөздерді сөз құрамына талдайды. Соңында тақтаға дұрыс нұсқасы ілінеді. Қателері түзетіледі.

Бағалау дескрипторы:

  • түбірлес сөздерді теріп жазады;
  • түбірлес сөздерді сөз құрамына талдайды;

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

4-слайд

№1 Дәптермен жұмыс

5-слайд

№1 Дәптермен жұмыс

6-слайд

№1 Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

Өзіндік рефлексия: Сабақты қорытындылау.

+, - таңбаларын қолданып, өзіңді бағала.

үйрендім

сенімді емеспін

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және жауап беремін

ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылық

тарын табамын

негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасаймын, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратамын

Үй тапсырмасы

24-жаттығу

7-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы