Тізбектей жалғанған актив және реактивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі Ом заңы. Физика, 11 сынып, қосымша материал.


Есеп шығару

Егер есепті шығарып болсаң, есеп жауабының үлгісін алып өзіңді өзің тексер!

1. Актив кедергісі бар 500 Ом, индуктивтілігі 1,5 Гн катушка және сыйымдылығы 2 мкФ конденсатор 50 Гц жиіліктегі әсерлік мәні 127 В және айнымалы кернеу көзіне қосылған. Анықтаңдар:

(а) индуктивті кедергісін,

(b) сыйымдылығын,

(c) тізбектің толық кедергісі

(d) тізбектегі ток күші

(e) * үшбұрыш кедергілерін тұрғызыңдар және ток күші мен кернеу арасындағы фазалық ығысуды графикалық түрде анықтаңдар

2. Тізбекте сыйымдылығы 35,4 мкФ конденсатор, кедергісі 100 Ом өткізгіш және индуктивтігі 0,7 Гн катушкасы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы ток тізбегіне қосылған. Электр тізбегіндегі токты және конденсатордағы , өткізгіштегі және катушкадағы кернеудің түсуін табыңдар.

3*. Конденсатор, индуктивті катушка және актив кедергісі бар өткізгіш айнымалы кернеу көзіне параллель жалғанған.

Жазыңдар:

a) Бұл жағдайда толық тізбектегі Ом заңы өзгереді ме?

б) тізбектің әр бөліміндегі кернеу туралы не айтуға болады?

в) Бұл жағдайда тізбектің толық кедергісін қалай есептеу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу