Тізбектей жалғанған актив және реактивті кедергісі бар айнымалы ток тізбегіндегі Ом заңы. Физика, 11 сынып, презентация.


Тапсырма. Жұппен жұмыс, кестені толтырыңдар

Кесте-1. Тұрақты ток тізбегі үшін резисторларды тізбектей және параллель жалғау заңдары

Проверь себя!

Таблица 1. Законы последовательного и параллельного соединения резисторов в цепи постоянного тока

Сабақ жоспары:

Экспериментті түрде конденсатор, катушка және резисторды тізбектей айнымалы ток тізбегіне тізбектей қосқан кездегі тәуелділікті тексеру.

Конденсатор, катушка және резисторды тізбектей айнымалы ток тізбегіне қосқан кездегі заңдылықтарды оқулық бойынша оқып-үйрену

Есеп шығару.

Тапсырма. Экспериментті түрде конденсатор, катушка және резисторды тізбектей айнымалы ток тізбегіне қосқан кездегі айнымалы ток пен кернеудің тәуелділігін тексеру

Құрал-жабдықтар:

айнымалы ток көзі 6 В, катушка өзекшесіз ( сары), конденсатор -470 мкФ, резистор - 47 Ом, кілт, екі қосымша жалғану сымы, сандық және аналогты мультиметрлер, 6 сым.

 

Эксперименттік тапсырма.

Кернеудің векторлық диаграммасы

Кедергілер үшбұрышы

Ең маңыздысы !

Актив кедергісі бар 500 Ом, индуктивтілігі 1,5 Гн катушка және сыйымдылығы

2 мкФ конденсатор 50 Гц жиіліктегі әсерлік мәні 127 В және айнымалы кернеу

көзіне қосылған. Анықтаңдар:

(а) индуктивті кедергісін,

(b) сыйымдылығын,

(c) тізбектің толық кедергісі

(d) тізбектегі ток күші

(e) * үшбұрыш кедергілерін тұрғызыңдар және ток күші мен кернеу арасындағы фазалық ығысуды графикалық түрде анықтаңдар 

2. Тізбекте сыйымдылығы 35,4 мкФ конденсатор, кедергісі 100 Ом өткізгіш және индуктивтігі 0,7 Гн катушкасы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы ток тізбегіне қосылған. Электр тізбегіндегі токты және конденсатордағы , өткізгіштегі және катушкадағы кернеудің түсуін табыңдар.

3*. Конденсатор, индуктивті катушка және актив кедергісі бар өткізгіш айнымалы кернеу көзіне параллель жалғанған.

Жазыңдар:

a) Бұл жағдайда толық тізбектегі Ом заңы өзгереді ме?

б) тізбектің әр бөліміндегі кернеу туралы не айтуға болады?

в) Бұл жағдайда тізбектің толық кедергісін қалай есептеу керек?

 

 

Есеп шығару

Рефлексия:

Оқушылар осы сабақтағы жетістігі мен қиыншылығын талдайды.

Мен түсінігім бойынша ….

Маған қиын болғаны ….

Маған ….

 

Үйге :

-Оқулық бойынша қайталау (оқулықтың тақырып беті әртүрлі болуы мүмкін)

-Параграф соңындағы (өз бетімен шығаруға ) № 1 және 2 есептерді шығару



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу