Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар. Физика, 10 сынып, презентация.


Тарау: 1A 10.2 D Сұйық заттардың қасиеттері

Тақырып: Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар.

Павлодар қ. НЗМ ХББ физика пәні мұғалімі: Каримова Н.Б.

Оқу мақсаттары:

10.2.4.2- сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы.

Сұйықтардың беттік керілуіне сипаттама бере алады;

Зерттеу жұмысы барысында беттік керілу коэффициентін анықтайды;

Зерттеу барысында нәтижелерді дұрыс талдайды.

Қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызын түсіндіре алады.

Жетістік критерийлері:

Неге сабын көпіршігінің формасы шар тәріздес?

Сұйықтың беттік керілуі

Сұйықтарда еркін беттер болады

Сұйықтардың бетіндегі әр молекулаға әсер ететін қорытқы күштер бетке перпендикуляр сұыйқ ішіне қарай терең орналасады

https://www.youtube.com/watch?v=u5AxlJSiEEs

https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&

https://www.youtube.com/watch?v=DK_enIfVn8w

https://www.youtube.com/watch?v=WsksFbFZeeU

Сабынды су көпіршіктері

Еркін жағдайда сұйық шар тәрізді пішінде болады

Сұйықтың беттік керілуі

     таза су= 73 мН/м

сабынды су= 40 мН/м

Бiрлiк ауданның беттiк энергиясы σ - меншiктi беттiк энергия деп аталады:

σ = W/S ,

мұндағы W – S ауданға жинақталған беттiк энергия. СИ өлшем бiрлiк жүйесiнде меншiктi беттiк энергия Дж/м2 – пен өлшенедi.

Беттiк қабаттың бөлшектерi, сұйық бетiне жанама жазықтықта жатқан және сұйық бетiнiң ауданын мейлiнше кiшiрейтуге бағытталған, (негiзделген) күштiң әсерiне ұшырайды. Бұл күштер – беттiк керiлу күштерi F деп аталады.

Егер сұйықтың ашық бетi тұйық сызықпен шектелген болса, онда бұл сызық - жұғылу периметрi деп аталады. Ондай беттер үшiн σ = F / L, СИ өлшем бiрлiк жүйесiнде σшамасының өлшем бiрлiгi Н/м.

Беттiк керiлу коэффициентi меншiктi беттiк энергияның мағынасын бередi: 1 Н/м = 1 Дж/м2 . Беттiк күштi серпiмдiлiк күшiмен шатастыруға болмайды.

Қатты дене бетiмен үлдiр секiлдi ағып-жайылатын сұйық жұғатын сұйық деп аталады, ал тамшыға айналып, жиылып тұратын сұйық жұқпайтын сұйық деп аталады. Жұғу және жұқпау эффектерi қатты қабырға маңындағы ашық беттердiң қисаюымен бiрлесiп (қатар) жүредi. Өте тар түтiкшелер – капиллярлар қарастырылған жағдайда, ондай қисайған беттер мениск деп аталады. Ол айдың орағы, доғасы деген мағынаны білдіреді.

Жұғу құбылысы, қатты дене бетiне және менискке олардың қиылысу нүктелерiнде жүргiзiлген жанамалар арасындағы шектiк бұрыш δ арқылы сипатталады. Ол сұйықтың iшiнен бастап өлшенедi. Жұғатын сұйықтар үшiн шектiк бұрыш сүйiр болып келедi: 0 ≤δ<π/2 (2.5 - сурет), ал жұқпайтын сұйықтар үшiн – ол доғал: π/2 <δ≤π (2.6 - сурет). δ = 0 жағдайы идеалды жұғуға, ал δ = π жағдайы идеалды жұқпауға сәйкес.

Егер суға жіңішке шыны түтікті батырсақ, ондасу түтікке таралып, оның түтіктегі деңгейі түтіктің сыртындағы деңгейінен h биіктікте болады. Ол суды жоғары қарай тартып, түтіктің h биіктіктегі су бағананың гидростатикалық рr=ρgh қысымымен теңескенге дейін көтереді. рлг кезінде 2σ/R=ρgh осыдан h =2σ/ρgR Толық жұғатын кезде Ө=0 жартылай жұқпайтын кезде Ө=0 h=2σcosӨ/ ρgr

Жұғатын сұйықтардың капиллярлардан тартылуы немесе жұқпайтын сұйықтардың капмллярлардан итеріліп шығарылуы капиллярлық құбылыстар деп атайды.

Табиғаттағы беттік керілу мысалдары

Қолданылған ақпарат көздері:

http://newpix.ru/kakoj-byvaet-rosa-na-trave

https://www.ja-zdorov.ru/blog/dyxatelnaya-gimnastika-dlya-detej-eto-ukreplenie-zdorovya-vashego-rebenka/

https://www.youtube.com/watch?v=cj7IrONkCgA

http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10779-vlazhnost_vozduxa_psixrometry

http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10786-paroobrazovanie_i_kondensacziya



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу