Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар 30

1Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сұйық және қатты денелер

Мектеп: Тараз қаласы НЗМ ФМБ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Күні

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

10

Сабақтың тақырыбы

Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар

Оқу мақсаттары

10.2.4.2- сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- сұйықтың беттік керілу құбылысының табиғатын білу және түсіну;

- қылтүтік құбылысын білу және түсіну;

- сұйықтың беттік қабатының қасиетін атау;

- сұйықтың жұғу және жұқпау қасиетін ажырату;

- күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

- беттік керілу коэффиценті түсінігін қалыптастыру;

- формуланы білу және есеп шығаруда қолдану;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- сұйықтың беттік керілу құбылысының табиғатын біледі және түсінеді;

- қылтүтік құбылысын біледі және түсінеді;

- сұйықтың беттік қабатының қасиетін атайды;

- сұйықтың жұғу және жұқпау қасиетін ажыратады;

- күнделікті өмірден мысалдар келтіреді;

- беттік керілу коэффиценті түсінігін қалыптастырады;

  •  - формуланы біледі және есеп шығаруда қолданады;

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сұйықтың беттік қабаты, қылтүтік, жұғу, энергия, беттік керілу күші және энергия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Беттік керілу.............бағытының әсерінен пайда болады.

Неғұрлым жүйенің өлшемі кіші болса, соғұрлым........үлкен болады.

Су ең кіші........өлшемін қалыптастыруға тырысады...

Жұғу- ........ болғанда молекулалардың өзара әсерлесуінің нәтижесінде сұйықтың........ қарым-қатынасқа түсу қабілеті.

Беттік керілу құбылысының өлшем бірлігі..........

Пәнаралық байланыс

Математика, химия, биология

АКТ қолдану

дағдылары

Презентация Power Point

https://www.youtube.com/watch?v=w24Sd38MZPw

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/gaz-zhane-sujyq-qatty-denelerding-qasietteri/lesson/sui-yqtyqtyng-bettik-kerilui

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/gaz-zhane-sujyq-qatty-denelerding-qasietteri/lesson/zhuhu-kapillyarlyq-qubylystar

Бастапқы білім

Оқушылар 7 сыныпта заттың құрылысы, 8 сыныпта молекулалардың өзара әсерлесуі мен тартылу күшін еске түсірулері керек.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Қызығушылықты ояту. (W) (F)

https://www.youtube.com/watch?v=w24Sd38MZPw

Оқушылар бейнекөріністі көреді және жаңа сабақтың тақырыбын болжамдайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

https://www.youtube.com/watch?v=w24Sd38MZPw

Сабақтың ортасы

6 минут

12 мин

8 мин

10 мин

Тақырыпты өзектілендіру

(G) Оқушыларлыды шағын 3 топқа бөлінуін (сыныптағы оқушылардың санына байланысты) және «Bilimland» электронды оқулығымен жұмыс істеуін ұсыныңыз.

1-топ: «Сұйықтың беттік керілуі»

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/gaz-zhane-sujyq-qatty-denelerding-qasietteri/lesson/sui-yqtyqtyng-bettik-kerilui

№2,3

2-топ: «Жұғу»

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/gaz-zhane-sujyq-qatty-denelerding-qasietteri/lesson/zhuhu-kapillyarlyq-qubylystar

№2

3-группа: «Капиллярные явления»

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/gaz-zhane-sujyq-qatty-denelerding-qasietteri/lesson/zhuhu-kapillyarlyq-qubylystar

№3

(W) Берілген тақырыпты келесі сыныптарға түсіндіруін сұраңыз. Әр топқа 4 минут уақыт беріледі. Оқушылар басқа оқушылар үшін формулаларды жазуына, графиктерді тақтаға сызуына болады.

(G) (E) Саралау. Қабілеті жоғары оқушыларға формулаларды қорытуын ұсыныңыз.

Мұғалім ақпаратты толықтыруына және оқушыларды мадақтауына болады.

(W) Мұғалімнің түсіндірмесі. Power Point презентациясын қолдану арқылы жаңа материалды түсіндіреді.

(I) (f) Есептер шығару. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар бір-бірін тексереді. Жауаптар қосымшада берілген.

Power Point

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы

Рефлексия

(W) Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар қояды.

Сұрақ: Неге беттік керілу температураға байланысты өзгереді? Сұрақ: Беттік керілу коэффиценті сұйықтың тығыздығына тәуелді ме?

Сұрақ: Неге біраз уақыттан кейін сабын көпіршіктері жарылады?

(I) Үй тапсырмасы

1.Жұқа болат ине судың бетінде қалқи алады. Егер инені алдын-ала иіссумен сүртсе нені байқайсың?

- Сабақта не жаңалық болды?

- Сабақта не басты болды?

-Не қызық болды?

-Қандай қиындықтар болды?

Қосымша 2

стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу