Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2 D Сұйық заттардың қасиеттері

Мектеп: ХББ НЗМ Павлодар қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.4.2- сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы.

Сабақ мақсаттары

Беттік керілу, капиллярлық әсер және жұғу ұғымдарын түсіндіру, қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызын қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

Сұйықтардың беттік керілуіне сипаттама бере алады;

Зерттеу жұмысы барысында беттік керілу коэффициентін анықтайды;

Зерттеу барысында нәтижелерді дұрыс талдайды.

Қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Казахский

Русский

Английский

Беттік керілу

Поверхностное натяжение

Surface tension

Сұйықтың беттік керілу коэффициенті

Коэффициент поверхностного натяжения жидкости

Coefficient of surface tension of a liquid

Жұғу

Смачивание

Wetting

Жұқпайтын сұйықтар

Несмачивающие жидкости

Non-wetting liquids

Капиллярлық әсер

Капиллярный эффект

Capillary effect

Мениск

Мениск

Meniscus

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер сұйық бетке жұғатын болса, онда ..........

Жұқпайтын беттегі су тамшысы ......

Беттік керілу коэффициентін анықтау үшін ....... әдісі қолданылады.

Құндылықтарды дарыту

  • Мұғалім мен оқушының арасында және оқушылардың бір-бірімен сабақ бойы ынтымақтастықта болуы;
  • Мұғалім оқушыларды және оқушылар бірін-бірі әділ, әрі ашық бағалайды, бағалауларын негіздейді, кері байланыс береді;
  • Жеке тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындайды;
  • Оқушылар өз ойларын еркін айтады;
  • Оқушыларды ізденімпаздық қасиетке баулау;
  • Сабақ мақсаттарын айқындайды және түсінеді;
  • Оқушылар бірін-бірі тыңдайды, сөздерін бөлмейді.
  • Оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Химия

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=u5AxlJSiEEs

http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10779-vlazhnost_vozduxa_psixrometry

http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10786-paroobrazovanie_i_kondensacziya

сайттарынан теориялық матералдарды қолдану

Бастапқы білім

Физика 8-сынып: сұйықтардың молекулалық құрылысы және қасиеттері, ылғалдылық.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(2 мин)

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық көңіл – күйін байқау.

Сабақтың ортасы

(1 мин)

(1 мин)

(7 мин)

(5 мин)

(10 мин)

(5 мин)

(5 мин )

(10 мин)

(30 мин)

(3 мин)

Проблемалық сұрақ арқылы сабақ тақырыбына шығу: «Неге сабын көпіршігінің формасы шар тәріздес?». Кейін сабақ тақырыбын, мақсатын және жетістік критейрийлерін оқушылармен бірге айқындау.

Оқушыларды түрлі түсті геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлу.

Жаңа тақырыптың мағынаны ажырату мақсатыңда әр топ екі шағын эксперименттік тапсырмаларды орындайды.

Әр топ оқушылары гипотеза шығарып, ортақ қорытынды жазады. Топ спикерлері сыныптастарына орындаған эксперимент нәтижесін түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді.

№1. Шұңғыл тарелкаға су құямыз, су бетіне 8-10 сіріңкенің шиін тастаймыз. Бір ұшы суланған кесек сабынды алып, тарелканың ортасына тигізіп көреміз.

Сіріңке шилері қалай қозғалады? Неліктен бір–бірінен алшақтап кетеді? Қорытынды шығарыңыз.

№2. Иненің су бетінде қалқуы (алдың ала инені майлап алу). Экспериментте бақылаған көріңісті сипаттаңыз.

«Карусель» әдісі бойынша әр топ спирекі қорғайды, топ бір-бірін бағалайды, эксперимент бойынша сұрақ қояды.

Оқушылар «Беттік керілу және қылтүтіктік құбылыстар» туралы теориялық ақпаратты негізге ала отырып, «Белгілеу әдісі» арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Не себептен шекаралық қабаттағы молекулалар сұйықтың iшкi жағына қарай тартылады?
  • Беттiк керiлу күштерi дегеніміз не?
  • Беттiк керiлу коэффициентi дегеніміз не?
  • Жұғатын сұйықты жұқпайтын сұйықтан қалай ажыратамыз?
  • Жұғу құбылысының өндірісте де, күнделікті өмірде де қандай маңызы бар?
  • Қылтүтіктік дегеніміз не?
  • Қылтүтік құбылыстар дегеніміз не?

Әр бір оқушы жеке-дара осы сұрақтарға жауап беріп, кейін топта бірге тақылайды, ортақ шешім шығарады. Мұғалім әр топтан бір оқушынының жауабың тыңдайды, қалған оқушылар өз-өзін бағалайды.

Мұғалім бейне ролик және презентация бойынша беттік керілу, капиллярлық әсер және жұғу ұғымдарын жүйелеп, бұл әсерлердің пайда болу механизмін молекулалық деңгейде қарастырады.

Теориялық білімін бекіту мақсатында оқушылар есептер шығарады. Кейін алдын ала дайындаған мұғалімнің жауаптарымен салыстырып өзін-өзі бағалайды.

1. Егер металлдан жасалған сақинаның диаметрі 15,6 см, ал массасы 7 г болатын болса, сабынды су бетінен қандай күш жұмсау арқылы тартып алуға болады. (0,11 Н).

2. Тамызтқыштан (из капельницы) массасы бірдей алдымен суық су одан кейін ыстық су ағады. Бірінші жағдайда 40 тамшы, ал екінші жағдайда 48 тамшы тамған болса, судың беттік керілу коэффициенті қанша есе өзгереді. (1,2 есе кемиді).

Кейін оқушылар теориялық алған білімдерін тәжірибелік жолмен анықтайды. «Беттік керілу коэффициентін үзілген тамшы тәсілімен анықтау» атты зертханалық жүмысты орындауға кіріседі.

Жетістік критерийлері:

  • Штангенциркульдің көмегімен түтікшенің диаметрін анықтайды;
  • Таразы көмегімен стаканның массасын анықтайды;
  • Таразы көмегімен суы бар стаканның массасын анықтайды;
  • Беттік керілу коэффициентін анықтайды;

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы оқушылар беттік керілудің және капилярлық құбылыстардың өмірдегі маңызын, жұппен талқылайды.

«Ыстық орындық» стратегиясы

Дағдылар:

  • Ақпаратты басқару;
  • Өзін-өзі реттеу;
  • Ойлау.

Бұл стратегия ақпараттан негізгі түйінін ажырата біліп, оны есте сақтауға итермелейді. Сонымен қатар, бірін-бірін тыңдау, сыйлау дағдысын арттырады.

Слайд 1-3

сабың көпіршіктері

Түрлі түсті геометриялық фигуралар

Ыдыс, су, сіріңкенің шиін, майланған ине.

https://www.youtube.com/watch?v=u5AxlJSiEEs

Кеспе қағаз

слайд 4-9

https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&

https://www.youtube.com/watch?v=DK_enIfVn8w

https://www.youtube.com/watch?v=WsksFbFZeeU

Секундомер, таразы, гірлер, стакан, штангерциркуль, беттік керілу коэффициентін өлшейтін арнайы құрылғы

Слайд 10

Сабақтың соңы

(1 мин)

Оқушылар бір парақша қағазға бүгін сабақта

  • Мен білдім
  • Мен есіме түсірдім
  • Мен білмедім
  • Мен түсінбедім

Пункттері бойынша өз ойларын жазады.

Үй жұмысы: «Өміріміздегі қылтүтіктік құбылыстардың маңызы» атты шағын эссе жазып келу.

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар білуі тиіс:

беттік керілу, капиллярлық әсер және жұғу ұғымдарын біледі; Оқушылардың көпшілігі орындай алады: эксперимент жүзінде беттік керілу коэффициентін үзілген тамшы тәсілімен анықтай алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызын түсіндіре алады.

(1) Сұраққа жауап;

(2) Өз ойын қорғау;

(3) Сабақтағы белсенділік;

(4) Бірін бірі бағалау;

(5) Өзін өзі бағалау;

(6) Қалыптастырушы бағалау

Физика кабинеттерінде қауіпсіздік ережесі сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары шынайы, қол жетімді, өлшеулі. Балық оқушылар сабақ мақсатына жетті. Сабақтағы дифференциация дұрыс ойластырылған, уақыт кезендері ұсталынды. Сабақ жоспарынын ауытқулар болған жоқ. Алайда кейбір оқушылар берілген ақпаратты жылдам менгереді және қолдана алады, ал кейбір оқушыларға уақыт қажет.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардын көпшілігі сабақтың басында білімді айқындау сәтісінде орындаған топтық тапсырмаларды өздігінен, үлкен қызығушылықпен орындады.

2: Бекіту, барлық оқушылар эксперименттік тапсырмаларын орындап сабақ мақсатына жетті

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Ыстық орындық» стратегиясын қолдану аясында уақыт тапшылыннан тек кейбір оқушылар «ыстық орындықта» өз ойларын айта алды, сол себептен бұл стратегияны қолдану кезінде көбірек уақыт бөлу.

2: Кейбір оқушылар зертхаланылық жұмысты орындау барысында өздігінен орындамай мұғалімнің көмегіне жүгіңді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу