Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар. Физика, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар

Оқу мақсаттары

10.2.4.2- сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

сұйықтың беттік керілу құбылысының табиғатын білу және түсіну;

- қылтүтік құбылысын білу және түсіну;

- сұйықтың беттік қабатының қасиетін атау;

- сұйықтың жұғу және жұқпау қасиетін ажырату;

- күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

- беттік керілу коэффиценті түсінігін қалыптастыру;

- формуланы білу және есеп шығаруда қолдану;

Сұйықтың молекулалық құрылымы

Су буы(1) және су (2). Су молекуласының концентрациясы шамамен 5·10^7 есе үлкен.

Беттік керілуБеттік керілуді бөліну беті сұйықтық болған жағдайда, бет контурының ұзындық бірлігіне әсер ететін және фазалардың берілген көлемдерінде бетті ең кіші шамаға (минимумға) дейін жиыруға ұмтылатын күш ретінде де қарастыруға болады.

σ беттік керілу коэффициенті дегеніміз сұйықтық бетінде пайда болатын F керілу күшінің осы беттің  l еңінің бөлімдісіне тең шама:

σ = F/l

Беттік керілу коэффициентінің өлшем бірлігі Н/м немесе Дж/м2.

A=σ⋅ΔS,  σ=A/ΔS

Табиғаттағы беттік керілу

Беттік керілу сұйықтың тегіне, оның температурасына және қоспаның болуына тәуелді.

Жұғу және жұқпау

Сұйықтың молекулааралық тартылысы сұйық пен беттің молекулаларының тартылысына қарағанда аз

Сұйықтың молекулааралық тартылысы сұйық пен беттің молекулаларының тартылысына қарағанда көп

Қылтүтік бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен түсуі кезінде байқалатын байқалатын беттік құбылыстар қылтүтіктік құбылыстар деп аталады.

Сынап шыныға жұқпайды. Бұл жағдайда сұйық пен қатты дене молекулалары арасындағы тартылыс күші сұйық молекулаларының арасындағы тартылыс күшінен төмен, сондықтан сұйық қатты денемен жанасу бетін кішірейтуге тырысады.

Жұғу және жұқпау – салыстырмалы ұғым, өйткені бір қатты дененің бетіне жұқпайтын сұйық екінші дененің бетіне жұғауы мүмкін. Мысалы, су шыныға жұқса, парафинге жұқпайды, ал сынап шыныға жұқпаса, таза металл бетіне жұғады.

 

Қылтүтік құбылысының медицина қолданылуы

Ылғалдың топырақтан өсімдікке, оның сабағына және жапырағына енуі

Қылтүтіктік топырақтың ылғалсыйымдылығы

Топырақтағы қылтүтік бойынша су жоғары қарай көтеріледі және белсенді түрде буланады

Құрғақшылық пен аңызақ желде егістікте ылғалдылықты сақтау үшін булануды азайту керек. Ол үшін қылтүтікті бұзу керек. Бұл топырақты қопсытумен жүзеге асады.

Айдалған жер айдалмаған жерге қарағанда баяу қурайды. Себебі қылтүтіктің бұзылуы жүреді және ылғалдылық топырақтың беткі қабатына көтерілмейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу