«Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар» тақырыбын зерттеу. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар 30

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сұйық және қатты денелер

Мектеп: Тараз қаласы НЗМ ФМБ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Күні

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

10

Сабақтың тақырыбы

«Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар» тақырыбын зерттеу

Оқу мақсаттары

10.2.4.2- сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

- сұйықтың беттік керілу құбылысының табиғатын білу және түсіну;

- қылтүтік құбылысын білу және түсіну;

- сұйықтың беттік қабатының қасиетін атау;

- сұйықтың жұғу және жұқпау қасиетін ажырату;

- күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

- тақырып бойынша зерртеу жұмысын жүргізу;

Критерии оценивания

Оқушылар:

- сұйықтың беттік керілу құбылысының табиғатын біледі және түсінеді;

- қылтүтік құбылысын біледі және түсінеді;

- сұйықтың беттік қабатының қасиетін атайды;

- сұйықтың жұғу және жұқпау қасиетін ажыратады;

- күнделікті өмірден мысалдар келтіреді;

- тақырып бойынша зерртеу жұмысын жүргізеді;

Тілдік мақсаттар

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сұйықтың беттік қабаты, қылтүтік, жұғу, энергия, беттік керілу күші және энергия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Беттік керілу.............бағытының әсерінен пайда болады.

Неғұрлым жүйенің өлшемі кіші болса, соғұрлым........үлкен болады.

Су ең кіші........өлшемін қалыптастыруға тырысады...

Жұғу- ........ болғанда молекулалардың өзара әсерлесуінің нәтижесінде сұйықтың........ қарым-қатынасқа түсу қабілеті.

Беттік керілу құбылысының өлшем бірлігі..........

Пәнаралық байланыс

Математика, химия, биология

АКТ қолдану

дағдылары

Презентация Power Point

Ноутбуктер

Бастапқы білім

Оқушылар 7 сыныпта заттың құрылысы, 8 сыныпта молекулалардың өзара әсерлесуі мен тартылу күшін еске түсірулері керек.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ой қозғау. (W)(F)

  1. Жұғу және жұқпауға мысал келтіріңдер.

 2. Майлайтын сұйықтықтар үйкелетін бөлшектерді ылғалдандырады ма?

 3. Сұйықтың шыны қылтүтікте көтерілу биіктігі қылтүтіктің диаметрімен қалай байланысқан?

 4. Сұйықтың қылтүтік бойымен көтерілу биіктігі температураға тәуелді ма? Тәуелді болса қалай?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Сабақтың ортасы

10 минут

13 мин

12 мин

Тақырыпты өзектілендіру

(G) Оқушыларға тірек конспектісімен жұппен жұмыс жасауын ұсыныңыз. Олар жұппен талқылай алады және дәптерге бірқатар жазбалар жасай алады.

Тірек конспектісі Куперштейн Ю.С 10 сынып

(G) (E) Оқушыларға кіші топта немесе жұппен «Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар» тақырыбына эксперимент жасауды ұсыныңыз.

1-топ: Сабын қабықшасының беттік ауданын және шеңбердің ұзындығын анықтау.

Сымнан жасалған жақтауды (рамка) сабын ерітіндісіне батырыңыз. Сымнан жасалған жақтауды ақырын көтеріп, сұйықтың керілуін бақылаңыз. Сымның ұзындығын өзгертсе ше?

2-топ: Беттік керілу күшін азайту

Керекті құралдар: сүт, гуашь бояуы, мақта таяқшасы (ватная палочка), ыдыс жууға арналған сұйықтық. Сүтті әр түрлі түске бояймыз, одан соң ыдыс жууға арналған сұйықтыққа батырылған мақта таяқшасын сүтке батырыңыз.

Не байқадыңыз? Бақыланған құбылысты түсіндіріңіз.

3-топ: Ұндағы су тамшысы.

Керекті құралдар: ұны бар ыдыс, тамшуыр, су.

Ұнды тамшуырмен ұнға тамызыңыз.

- Не байқадыңыз?

4-топ: Стақандағы скрепкалар.

Керекті құралдар: Стақан , суы бар колба және скрепкалар. Стақанға суды ернеуіне дейін құю. Скрепкаларды стақанға біртіндеп салыңыз.

Су неге төгілмейді?

5-топ: Түтіктегі құм

Керекті құралдар: 3 пластикалық стақан, екі басы ашық диаметрлері әр түрлі 3 түтіктер, құм, су, шприц.Түтікті пластикалық стақанның түбіне дейін енгізіңіз және бірдей мөлшерде құм салыңыз. Түтікке бірдей мөлшерде шприц арқылы су құйыңыз.

-Не байқадыңыз?

(W) Оқушыларға қорытынды шығаруды және зерттеуді басқа топқа түсіндіруді ұсыныңыз. Әр топқа 4 минут уақыт беріңіз. Олар тақтаға формулаларды жазуына, график сызуына болады.

(G) (E) Саралау. Қабілеті жоғары оқушыларға формулаларды қорытуын сұраңыз.

Мұғалім ақпаратты толықтыруына және оқушыларды мадақтауына болады.

(W) Мұғалімнің түсіндірмесі. Power Point презентациясын қолданып, жаңа сабақты түсіндіреді.

(I) (f) Есептер шығару. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар бір-бірін тексере алады. Жауаптар қосымшада берілген.

Қосымша 1

Power Point

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы

Рефлексия

(W) Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар қояды.

  • Беттік керілу дегеніміз қандай құбылыс?
  • Беттік керілу құбылысын қайда қолдануға болады? \
  • Қылтүтік құбылысы дегеніміз не?
  • Су үйректің қауырсынына жұғады ма?
  • Матадағы май дақтарын кетіру үшін астына қағаз қойып үтіктейді. Осы кезде май неге матаға жайылмай қағазға сіңеді?

(I) Үй тапсырмасы

1. Адам суға жұқпайтын аяқ киіммен суда жүру үшін оның еркін түсу үдеуі қандай болу керек екендігін қалай бағалайсыз?

--Сабақта не жаңалық болды?

- Сабақта не басты болды?

-Не қызық болды?

-Қандай қиындықтар болды?

Қосымша 2

стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу