«Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар» тақырыбын зерттеу. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге нұсқаулық
«Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар» тақырыбын зерттеу
1-топ: Сабын қабықшасының беттік ауданын және шеңбердің ұзындығын анықтау.
Сымнан жасалған жақтауды (рамка) сабын ерітіндісіне батырыңыз. Сымнан жасалған жақтауды ақырын көтеріп, сұйықтың керілуін бақылаңыз.
Қорытынды: Сымның ұзындығын өзгерткенде, яғни неғұрлым сым ұзындығы көп болған сайын, соғұрлым беттік керілу күші көп болады.
.
2-топ: Беттік керілу күшін азайту
Керекті құралдар: сүт, гуашь бояуы, мақта таяқшасы (ватная палочка), ыдыс жууға арналған сұйықтық. Сүтті әр түрлі түске бояймыз, одан соң ыдыс жууға арналған сұйықтыққа батырылған мақта таяқшасын сүтке батырыңыз.
Не байқадыңыз? Бақыланған құбылысты түсіндіріңіз.
Қорытынды: ыдыс жууға арналған сұйықтықты қосқанда беттік керілу күші азаяды.
3-топ: Ұндағы су тамшысы.
Керекті құралдар: ұны бар ыдыс, тамшуыр, су.
Ұнды тамшуырмен ұнға тамызыңыз.
- Не байқадыңыз?
Қорытынды: Ұнда су молекуласы беттің ауданын азайтуға тырысады, сондықтан шардың формасын алады.
4-топ: Стақандағы скрепкалар.
Керекті құралдар: Стақан , суы бар колба және скрепкалар. Стақанға суды ернеуіне дейін құю. Скрепкаларды стақанға біртіндеп салыңыз.
Су неге төгілмейді?
Қорытынды:
Сұйық бетіне жайғасқан молекулалар сұйық ішінде орналасқан молекулалар тарапынан тартылысқа түседі, соның нәтижесінде сұйық ішіне бағытталған қысым пайда болады. Бұл күштердің әрекеті сұйықтың өзінің беттігін азайтуға ұмтылуынан пайда болады. Нәтижесінде төмен бағытталған қорытқы күш пайда болады. Беттік қабаттағы молекулалар сұйыққа молекулалық қысым түсіреді. Олар беттің ауданын азайтуға тырысады.
5-топ: Түтіктегі құм
Керекті құралдар: 3 пластикалық стақан, екі басы ашық диаметрлері әр түрлі 3 түтіктер, құм, су, шприц.Түтікті пластикалық стақанның түбіне дейін енгізіңіз және бірдей мөлшерде құм салыңыз. Түтікке бірдей мөлшерде шприц арқылы су құйыңыз.
-Не байқадыңыз?
Қорытынды: Топырақ қопсытқыш құрылымға ие. Су топыраққа жоғары қарай көтерілу биіктіктігі артып, сіңе бастайды. Сұйықтың қылтүтіктегі көтерілу биіктігі оның диаметріне тәуелді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру