Музыка және бейнелеу өнері. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен, яғни, сыныпта коллаборативті ортаны құрудан бастаңыз. Оқушылармен сабақ мақсатын анықтап және орындалатын іс-әркетті талдаңыз.

Кристина Родригестің «Я хочу увидеть музыку» атты өлең жолдарын оқып беріп, сабақ мазмұнын оқушылармен талқылаңыз.

Тыңдалым және талдау тапсырмасын орындау үшін, А.Ватто «Шарманщик» атты суреттегі асты кейіпкердің көңіл-күйін анықтаңыз. Осы тапсырмада Л. Бетховеннің «Сурок» шығармасын тыңдатыңыз. Шығарманы талқылаңыз. Шығармадағы көңіл-күйді, мінезін анықтаңыз. Музыканың көркем орындалу жолдарын атап көрсетіңіз. Ырғақ, лад, динамика және т.б. Төмендегі сұрақтар көмегімен, екі өнер түрінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып, талдаңыз.

- тыңдалған шығарма мен сурет бір-біріне ұқсас па?

- бұл екі шығарма қандай көңіл-күйді суреттейді?

Топтық тапсырманы орындау үшін, суреттер арқылы сыныпты топтарға бөліңіз.

1 топ - И.Левитан «Март»,

2 топ - К.Тельжанов «Ловля лошадей»,

3 топ - И.Шишкин «Рожь».

Берілген суреттерді талқылап, жанр, көңіл-күй және динамиканы негізге ала отырып, берілген суреттерге шығарма таңдаңыз. Таңдалған шығармалар шет ел, орыс және қазақ халық шығармаларынан болуы мүмкін. Оқушылар бұл тапсырмада алдыңғы білімдерін қолдана алады.

Әнді орындау тапсырмасында Г.Струвенің «Я хочу увидеть музыку» атты әнінің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып орындадытыңыз. Ән орындау ережесін қолданыңыз.

Сабақ соңында «Жетістік сатысы» рефлексиясын жүргізіңіз. Оқушылар «сәттілік баспалдағында» өз орнын тауып, белгілеуі қажет. Сонымен қатар, оқушылардан кері байланыс ретінде төмендегі ойлар жазылған қағаз беттерін таратып, ұсыныс жасаңыз.

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…

Менің түсінгенім…

Менің қызығушылығымды тудырған…

Мен үшін маңыздылығы…

Бұл сіздің келесі болатын сабағыңызды жоспарлауға көмегін тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу