Музыка және бейнелеу өнері. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Берілген сабақ алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады. Сонымен қатар, бейнелеу өнер пәнімен байланысын көруге болады. Оқушылар өнердің өзге түрлерін салыстыра отырып, талдайды. Қазақстан суретшісінің жұмысын талдап, стиль және жанр түрін анықтайды, музыканың бейнелеу өнерімен байланысын анықтайды, әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, ән орындайды.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастап, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтап алыңыз.
А.Дүзелхановтың «Сәукеле» суретін таратыңыз. Төмендегі сұрақтар көмегімен сыныпта талқылау жүргізіңіз:
- Қыз баланың бас киімі туралы не білесіз?
- Қыз бала бұл бас киімді қай кезде киеді?
- Бұл бейнеге қандай музыка сәйкес келеді?
- Қыздың бейнесін көрсетуде суретші қандай көркемдеуші құралдарды қолданған?
Осы тапсырма арқылы оқушылардың бейнелеу өнері немесе басқа пәндерден алған білімдіерін тексеруше мүмкіндік болады. Ол саралап оқыту үшін тапсырмалар дайындауға көмегін тигізеді.
Шығару және орындау тапсырмасында оқушыларға «Сәукеле» бейнесіне шағын музыкалық шығарма ойластыруды ұсыныңыз.Ол үшін сыныпты топтарға бөліңіз.
1 топ - музыкалық аспаптарды қолдана отырып, композиция құрастыру;
2 топ – вокалдық композиция;
3 топ – би қимылдары.
Тапсырма орындауда оқушыларға шулы, музыкалық аспаптарды таратыңыз.
Сынып алдында өз композицияңызды орындап, бірін-бірі бағалау жүргізіңіз.
- Қыздың бейнесін қандай музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен жеткізе аламыз? Неге?
- Орындауда не ұнады?
- Топта қандай рөлді атқардыңыз?
- Сіздің әуеніңіз суретке сай келді ме?
- Қандай жұмыс сәтті орындалды?
Әнді орындау тапсырмасы алдыңғы сабақта үйренген Г. Струвенің «Я хочу увидеть музыку» атты әнін қайталап, орындауға арналған. Дегенмен, орындау барысында әннің көңіл-күйі мен көркем бейнесіне көңіл аударыңыз.
Сонымен қатар, «Я хочу увидеть музыку» әніне сай сурет салыңыздар. Сурет арқылы әннің мазмұнын бейнелеңіз.
Орындалған жұмысты сынып алдында көрсетіңіз. Суретіңіз арқылы қандай ой жеткізгіңіз келді? - сұрағы көмегімен жұмысын қорытындылаңыз.
Сабақ соңында рефлексия жүргізіңіз. Ол үшін оқушыларға қиынды қағаздарды таратып, төмендегі ойды жалғастырудв сұраңыз:
•Мен бүгін сабақта үйренгенім…
•Сабақта мені толғандырған…
•Әсіресе менің қолым жеткені…
•Менің түсінгенім…
•Менің қызығушылығымды тудырған…
•Мен үшін маңыздылығы…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру