Музыка және бейнелеу өнері. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


6 сынып Музыка

Музыка және бейнелеу өнері (1) 2 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Музыка және бейнелеу өнері

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбын оқушылармен анықтау үшін 4 жол өлең оқып шығыңыз. Оқылған өлеңнің мазмұнын сұрастыра отырып оқушылардан сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар құрастырыңыз. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға арналған тәсілдерді қолдануға болады. Оқушыларды әңгімеге құруға баулыңыз. Кішігірім әңгіме жүргізгеннен кейін оқушыларға сабақ мақсаты мен сабақта орындалатын іс-әрекетті атап өтіңіз. Оқушыларға сабақ мақсаты түсінікті болған уақыттан бастап , тыңдалым дағдысын дамыта отырып, музыкалық терминологияны қолданып тыңдалған шығармаға талдау жүргізуді бастаңыз. Оқушылар бұл жерде көркем ойлау , тыңдалым, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады. Суретті сыныппен немесе топпен талқылатыңыз. Суреттегі басты кейіпкердің көңіл-күйін анықтауға көмектесіңіз.

 Л. Бетховен композитордың «Сурок» шығармасын тыңдатыңыз.Бұл шығарманы талдау барысында оқушылар міндетті түрде музыкалық терминологияны қолданып, шығарманың динамикасын, ырғағын және т.б. көркемдеуші құралдарды қарастырып отырғанына көз жеткізіңіз. Шығарманы жұппен немесе жекеше талдауға мүмкіндік беріңіз. Талданған шығарманы сыныппен бірлесе отырып өзінің ойларымен бөлісіп алған мәліметтерге қосымша ақпарат қосуларын сұраңыз.

  1 тапсрыманы орындап болған соң бейнелеу өнерінен атақты суретшілертің туындалырын оқушыларға ұсыныңыз. Оқушылар суреттерді қарастыра отырып, талқылау жұмысын атқару керек. Суреттерде не бейнеленгені жөнінде ақпарат айтып, бір-бірімен ой бөліседі. Музыка мен бейнелеу өнерінің тығыз байланыста болуы үшін, бұл суреттерді негізге ала отырып әр оқушы шет елдің, орыс немесе қазақ халқының музыкалық шығармасын суреттерге үйлестіру қажет екеін атап өтіңіз. Суреттерге музыканы таңдау барысында, туындылардың көңіл-күйі мен динамикалық бояуын анықтауына тура келеді. Екі туындының бір-бірімен байланысын анықтауға бірнеше минут уақыт қажет етіледі. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылады. Бұл дескриторларға сүйене отырып оқушылар өзінің музыкалық шығармашылық жұмыстарын жеңіл орындай алады. Бағалау критерийлерін негізге ала отырып бағалауды «Геометриялық фигура» әдісі арқылы өткізуге болады.

 Орындау. Тақырыпқа сай оқушылармен «Я хочу увидеть музыку» атты Г.Струве композиторының әнін орындап үйреніңіз.

Рефлексия.

Рефлексия өткізу барысында әр оқушының үнін естуіңіз ықтимал. Әр оқушыға баса көңіл аударыңыз. Кейбір оқушылар музыкалық-шығармашылық жұмысты жақсы орындай алса, кейбірі жаңа алынған мәліметті қамти алмай жатады. Сондықтан оқушылардан ойын ретінде немесе сұрақ-жауап арқылы рефлексия алғаныңыз жөн болып табылады. «Жетістік сатысы» әдісін қолдануға ұсынамыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу