Музыка және бейнелеу өнері. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


6 сынып Музыка

Музыка және бейнелеу өнері (2) 3 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Музыка және бейнелеу өнері (2)

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру 6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

Сабақ барысы:

Оқушылардың көңіл-күйі мен психологиялық ахуалдарын жақсарту үшін коллаборативті ортаны ұйымдастырыңыз. «Ыстық орындық» әдісін қолдануды ұсынамыз. Бұл әдіс оқушылардың қаншалықты өткен сабақты есте сақтағанын, өткен материалды қаншалықты қамтығанын біле аласыз. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоюыңызға болады. Осы әдіс арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділіктерін де оятуға болады. Ыстық орындақ әдісін өткізгеннен кейін оқуышларға сабақ мақсаты мен сабақта орындалатын іс әркетті атап өтіңіз. Сабақ мақсатын анықтап алған соң, оқушыларға тапсырманы ұсыныңыз. Тапсырманы әңгіме жүзінде өткізіңіз. А.Дүзелхановтың «Сәукеле» бейнесін балаларға ұсыныңыз. Бұл суретте оқушылар нені көріп отыр, негізгі тақырыпты не басынып тұр, қандай эмоция байқалатыны жөнінде әңгімелесіңіз. Оқушыларда қосымша тағы ақпараттар сұрастырыңыз. Өзіңіз қазақ ұлттың бас киімдері мен кемешектері туралы әңгіме құрастырыңыз. Оқушыларға бірнеше бас киім түрлерін ұсынуға болады. Бұл жердн оқушылардың ұлттық нақыштарын оята отырып қазақ ұлттық аспаптарын қолдана отырып «Сәукеле» бейнесіне музыкалық сүйемелдеу құрастыруын ұсыныңыз. Осымен қатар оқушылар ұлттық музыкалық аспаптарды еске түсіре отырып, ұлттық киім-кешектерінде есте сақтап қалады. Музыкалық-шығармашылық жұмысты оқушылар топпен бірігіп жасауы мүмкін, немесе жекеленген жұмыс ретінде бола алады. Әр шығармашылық тапсырмаға бағалау критерийлері ұсынылады, оқушылар өздерінің жұмыстарын сынып алдында көрсете алады. Бұл тапсырманы 7-10 минут уақыт аралығында өткізуіңізге болады. Сабақтың ортасында оқушылармен «Я хочу увидеть музыку» атты әнін сынппен орындаңыз. Бұл ән өткен сабақта үйретілген болатын.

Әннің сөзі мен көркем бейнесіне оқушылардың көңілін бөліңіз.

Оқушылардың назары әннің мазмұнына бөленгеннен кейін, шығармашылық тапсырма беруді ұсынамыз. Шығармашылық тапсырмада оқушылар «Я хочу увидеть музыку» атты әнінің мазмұнына қатысты бейнелеу өнері мен байланыстырып суреттеу жұмыстарын жасайды. Шығармашылық жұмыста оқушылар әннің мазмұнын А4 қағаз формат бетіне бейнелейді. Бұл тапрсымада оқушылардың көркем ойлау қабілетін дамыта отырып бейнелеу өнері сабағымен кіріктіріп, сурет салу дағдыларын дамытасыз. Шығармашылық жұмысты орындауға 10-12 минут уақыт бере аласыз. Оқушыларға міндетті түрле тапсырмаға арналғарн бағалау критерийлері мен дескрипторларды ұсыныңыз. Ол балалардың қандай функцияларды нақты орындау керек екеніне себеп болып тұрады.

Тапрсыманы орынлдап боған соң оқушылари арамында бағалау жұмысын өткізіңіз. Оқушылар өздерінің жұмыстарын сыныпта көрсете алады және таныстырылым жасай алу қажет. Оқушыларды сөз қорларын көбірек таныстырылымда қолдануына жол беріңіз.

Бағалауды «Бас бармақ» әдісі арқылы өткізуге болады немесе кез келген тапсырмаға байланысты әдіс-тәсілдерді қолдана аласыз.

Рефлексия.

Рефлексия өткізу барысында әр оқушының үнін естуіңіз ықтимал. Әр оқушыға баса көңіл аударыңыз. Кейбір оқушылар музыкалық-шығармашылық жұмысты жақсы орындай алса, кейбірі жаңа алынған мәліметті қамти алмай жатады. Сондықтан оқушылардан ойын ретінде немесе сұрақ-жауап арқылы рефлексия алғаныңыз жөн болып табылады.

«Сұрақ-жауап» әдісін қолдануға ұсынамыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу