Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А бөлім: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | |
Сабақ тақырыбы | Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді пысықтау |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару; |
Сабақтың мақсаты | Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығарады; |
Бағалау критерийі | ▪ Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі; ▪ Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешудің алгоритмін біледі; ▪ Оқушылар берілген есепті қарапайым түрдегі теңдеуге келтіру жолдарын біледі; ▪ Сызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: санды теңдіктердің қасиеттерін тұжырымдайды;
мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды. |
Құндылықтарды дарыту | Жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру және қолдау, өзара құрмет, өзара жауапкершілік құндылықтарын дамыту. |
Бастапқы білім |
|
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 1 минут | - Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу; - Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; - Сабақтың жоспарымен таныстыру;
| ||||||||||||||
Сабақ мақсатын қою 2 минут | Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау. Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен бағалау критерийлерін талқылайды | Қосымша Презентация | |||||||||||||
Сабақтың басы Жаңа білімді жаңғырту 7 минут | Тапсырма 1 Алдыңғы сабақ бойынша қосымша білу, түсіну сұрақтары қойылады. Қосымша сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.
Топтық жұмыс Екі топқа суреттер беріледі, сол суреттер бойынша оқушылар сызықтық теңдеу құрып, теңдеуді шешеді. Тапсырма 1 1) Суретте таразының сол жақ табақшасында 4 бөлек шай және 50 г кір тасы, ал оң жақ табақшасында 1 бөлек шай және 500 г кір тасы көрсетілген. Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы 1 бөлек шайдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, 1 бөлек шайдың массасын табыңдар. 2) Суретте таразының сол жақ табақшасында бал құйылған ыдыс және 500 г кір тасы, оң жақ табақшасында бос ыдыс және кір тастары кескінделген. Бал құйылған ыдыс пен бос ыдыстың массалары тең. Сурет бойынша теңдеу құрыңдар, мұндағы бос ыдыстың массасы m кг, ондағы балдың массасы х кг. Теңдеуді шешіп, ыдыстағы балдың массасын анықтаңдар. Оқушылылар берілген тапсырманы топта орындайды.
| Қосымша Презентация | |||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа білімді пысықтау 20минут | Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту. Жұптық жұмыс (10 мин) Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Тапсырма 2 1. Жолаушылар автобуспен елді мекеннен станцияға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50 км/сағат жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кещ келеді. Елді мекен станциядан неше километр қашықтықта? А) 140 км; В) 170 км;С) 160 км;Д) 165 км. 2. Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%-і қалды. Шығарма неше бет болған? 3. Катер А пункітінен В пунктіне ағысқа қарсы жүзіп, 1 сағ 48 минутта барды. Катер қайтарда ағыспен жүзгендіктен, одан 18 мин кем уақытта В пунктінен А пунктіне келді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар. Оқушылар презентациямен жұмыс жасағандықтан, көз жаттығуын жасау қажет. https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s Тапсырма 3 Жеке жұмыс (10 мин) 1. Ұзындығы 12 см тік төртбұрыш берілген. Қабырғасы осы тік төртбұрыштың енінен 1 см кем квадраттың периметрі берілген тіктөртбұрыштың периметрінен 10 см кем. Тік төртбұрыштың ені неше сантиметр? 2. Елді мекен станциядан 4 км қашықтықта станция мен саяжай аралығында орналасқан. Елді мекеннен саяжайға қарай 75 м/мин жылдамдықпен жаяу адам шықты. Жаяу адам 0,5 сағ жүрген соң станциядан 200 м/мин жылдамдықпен вилосипедші шықты. Вилосипедші неше минут жүрген соң жаяу адамды қуып жетті. 3. Домбыра үйірмесіне қатысуға тілек білдірушілердің –і домбыра тарта біледі. Қалғандары домбыра тарта білмейді. Бір апта ішінде домбыра тарта білмейтіндердің 6-уы домбыра тартуды үйренгенде, үйірмеге қатысушылардың 10 % -і ғана домбыра тарта білмейтін болды. Домбыра үйірмесіне қатысушылардың саны нешеу? А) 20;В) 24;С) 25;Д) 18. Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, бағалау критерийі бойынша өзін бағалайды. Мысалы:
| Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E Қосымша Презентация | |||||||||||||
Сабақты бекіту 5 минут | Дескриптор
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5минут | Рефлексия Сабақ мақсатына қайта оралады. -Сабақтың мақсатын қайта сұрау. -Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? -Біз қандай тапсырмалар орындап жатырмыз? -Неліктен осы тапсырмаларды орындап жатырсыздар? Топтағы оқушылар сұрақтарға жауаптарды талқылайды, ал топтың бір өкілі нәтижелерді жариялайды.
Оқушылар рефлексиялық картаны толтырып, мұғалімге талдауға жібереді. | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру