Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.6

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

 Сабақ мақсаттары

Сызықтық теңдеулер құру арқылы мәтіндік есептерді шешеді

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

-мәтін шатрын түсінеді;

-есептің шартына сәйкес айнымалы енгізеді;

-теңдеуді дұрыс құрады;

-есептеулерді дұрыс жүргізеді;

-шешімін дұрыс табады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • теңдеу;
  • теңдеудің түбірі;
  • теңдеудің сол жағы;
  • теңдеудің оң жағы;
  • тепе-тең түрлендіру;
  • сызықты теңдеу;
  • сызықты теңдеудің коэффициенттері;
  • математикалық модель.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • теңдеу деп – құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз.
  • теңдеудің түбірі деп ...;
  • теңдеуді шешу дегеніміз - ...;
  • сызықты теңдеу деп ...;
  • егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда ...;
  • егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда ...;
  • «х ... болсын»;
  • ... екенін біле отырып, теңдеуді құрамыз және шығарамыз;
  • ... белгілі болса, онда ... теңдеуін құрамыз;
  • теңдеуді шешіп, есептің жауабы болып табылатын айнымалының мәнін табамыз.

 Құндылықтарды дарыту

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Физика

 АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.

Бастапқы білім мен жаңа білімді байланыстыру

Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сұраққа жауап беріңіз.

1. -12 саны төменде берілген теңдеулердің қайсысының түбірі болып табылады.

A) 6х+72=0

B)12x=0

C) 3x=12

D) x-12=0

2. Мына теңдеулердің әрқайсысының шешімдер санын анықтаңыз. Жауабын бос ұяшыққа жазыңыз

1. x+8=11

2. 5(x+9)=5x+45

3. 3x-21=16+3x

3. Төменде берілген теңдеулер, теңдеулердің қай қасиеті бойынша мәндес теңдеулер болып табылады? Жауабын бос ұяшыққа жазыңыз.

  • 15x-1=29 және 15x=29+1
  • 17(2-x)=34 және 2-x=2

4. Төменде берілген теңдеулер арасынан

2x-3=1-x теңдеуіне мәндес болатын теңдеуді теріп жазыңыз.

1) 3-2x=x-1;

2) 3(2x-3)=3(1-x);

3)

4) 2x-x=1-3.

Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз.

Ара қашықтығы 500 км екі қаладан бір мезгілде қарама – қарсы бағытта трактор мен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы шығып 4 сағаттан кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай?

Шешуі: Трактордың жылдамдығы х (км/сағ) болсын, онда жүк машинасының жылдамдығы 4х (км/сағ) болады.

Сонда есептің шартына сәйкес қозғалыс қарама – қарсы болғандықтан, мынадай теңдеу шығады:

Бұдан

Демек, трактордың жылдамдығы 25 км/сағ – қа тең болған

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау /СМ

Сабақ тақырыбын және бағалау критерийлерін таныстыру

Слайд 1-11

Сабақтың ортасы

Оқушылар кездесетін уақыттарын басқа сыныптастарымен ақылдасады. Әр тапсырмаға берілген уақытта есепті бірлесіп жұпта шешеді. Барлық уақытта кездесу аяқталғаннан соң, бірлесіп шығарған есептерді мұғалім өз таңдауы бойынша тақтада талқылауға шақырады.

3:00 – де. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы 20 см, ал екінші қабырғасы біріншінің 40%-ін құрайды. Тік төртбұрыштың ауданын және периметрін табыңыз.

6:00 – де. Автобуста келе жатқан әйелдер саны ерлерден үш есе артық. «бәйтерек» аялдамасында 6 әйел шығып, 12 ер адам кіргенде, әйелдер ерлерден 6-ға артық болды. Бастапқыда автобуста неше адам болған?

9:00 – де. А пунктінен В пунктіне саяхатшы 1,5 сағат жаяу жүрді. Саяхатшының жылдамдығынан 5 есе көп катер өзенмен В пунктінен С пунктіне дейін 2 сағат жүзді. Катердің жылдамдығынан 1,5 есе көп автобусқа саяхатшы С пунктінде отырып, D пунктіне дейін 2 сағат жүрді. А пунктінен D пунктіне дейінгі жол 106 км екені белгілі болса, саяхатшы мінген автобус қандай жылдамдықпен жүрді?

12:00 –де. Мотор құрастыратын цех жұмысшылары тапсырманы белгіленген мерзімде орындау үшін күніне 6 мотор құрастыруы керек еді. Олар күніне 2 моторды артық құрастырып, тапсырманы белгіленген мерзімнен 3 күн бұрын орындады. Мотор құрастыратын цех жұмысшылары тапсырма бойынша барлығы неше мотор құрастырулары керек?

Жұпта жұмыс жасайды. Бірлесіп тапсырманы орындайды. Жұптар кезектесіп сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын сыныптастарына түсіндіріп береді.

«Кездесу» ойыны

Білімді бекіту

Мақсат: дағдыларды дамыту қызметі арқылы материалды өңдеу

  • Арақашықтығы екі қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі машина шықты. Біреуінің жылдамдығы 86 км/сағ, ал екіншісінікі 68км/сағ. 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қанша болады?
  • Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның

80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңыз.

Жеке жұмыс орындайды. Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауды орындайды.

Көз жаттығуларын жасату (Аяқтарыңызды алшақ қойып, бүкіл денеңізбен бір жағыңыздан екінші жағыңызға қарай бұрылыңыз. Көздеріңіз алыстау тұрған бір нәрсеге қадалуы қажет. Ауық-ауық кірпіктеріңізді қағып қойыңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз)

Сабақтың соңы

Мақсат: оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар рефлексиясы үшін сұрақтар:

  • нені білдім,
  • неге үйрендім
  • не түсініксіз болды
  • немен әлі жұмыс жасау қажет

Оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын жетістік критерийлері арқылы бағалайды.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенденде бағыт беремін.

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктрін бақылау арқылы формативті бағалаймын.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы ауызша өзін – өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу