Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару; | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Сызықтық теңдеулер құру арқылы мәтіндік есептерді шешу | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: -мәтін шатрын түсінеді; -есептің шартына сәйкес айнымалы енгізеді; -теңдеуді дұрыс құрады; -есептеулерді дұрыс жүргізеді; -шешімін дұрыс табады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | ||||||||||
Бастапқы білім | Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | 1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу | |||||||||
Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын қою | Тапсырма 1. Теңдеуді шешіп, түбірін табыңыз. 4х+5(3-2х)=5-11x Шешуі: 1) теңдеудің сол жағындағы жақшаны ашып, түрлендіреміз 4х+15-10х=5-11x; 2) айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына жинақтаймыз, 4х-10х+11x=5-15; 3) Теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіреміз, 5х=-10; 4) Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөлеміз. Жауабы:-2 Тапсырма 2. а – ның қандай мәнінде ах = 8 теңдеуінің: а) түбірі 4 – ке тең; б) түбірі жоқ; в) түбірі теріс болады? Тапсырма 3Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз. Ара қашықтығы 600 км екі қаладан бір мезгілде қарама – қарсы бағытта трактор мен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы шығып 4 сағаттан кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай? Шешуі: Трактордың жылдамдығы х (км/сағ) болсын, онда жүк машинасының жылдамдығы 4х (км/сағ) болады. Сонда есептің шартына сәйкес қозғалыс қарама – қарсы болғандықтан, мынадай теңдеу шығады: Бұдан
Демек, трактордың жылдамдығы 30 км/сағ – қа тең болған Сабақ мақсатын қою
| Слайд 1-5 | ||||||||
Білімді қолдануға арналған тапсырмалар | Оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды бірінші өзі орындап, дәптеріне жазып алады. Содан соң сыныптасымен бірлесіп, талқылайды. Талқылап болған соң тақтаға бірлесіп шығарған жұппен (немесе топпен) шығару жолымен бөліседі (мұғалім тиімді шығару жолын ұсынған жұпты(топты) тақтаға жақырады.
Оқушылар бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды. | «Ойлан – бірлес – бөліс» әдісі | ||||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың қорытындысы. Теңдеудің түбірі дегеніміз не? Теңдеудің түбірі – корень уравнения - root of equation. Қандай теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады? Сызықтық теңдеу - линейное уравнение - linear equation. aх=b теңдеуіндегі а саны, b саны және х не деп аталады. а саны -коэффициент – коэффициент – сoefficient. b саны - бос мүше - свободный член - аbsolute term. х – айнымалы - переменная – variable. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталаты. Мәндес теңдеулер – равносильные уравнения - equivalent equations. | Слайд 6 | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Жұптық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенденде бағыт беремін. Өздеріне сенімсіз оқушыларды өздеріне сенімді оқушылармен біріктіремін. | Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктрін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы ауызша өзін – өзі бағалайды. | Белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырамын, қажет болған жағдайда сергіту сәтін орындатамын. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру