Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | |||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | - Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын; - Өзгенің пікірін құрметтеу; - Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту; | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиет | |||||||
Бастапқы білім | Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау. Психологиялық ахуал «Мен елімді сүйемін» 1. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз; 2. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз; 3.Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз; 4.Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз. 5.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз; 6.Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды. | Презентация | ||||||
Сабақтың ортасы 4 – 8 мин | «Сұрақты қағып ал» арқылы оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы білімдерін тексеру. С – 1: Cанның модулі неге тең? С - 2: Қандай түрдегі теңдеу бір айнылысы бар сызықтық теңдеу деп аталады? С – 3: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді қалай орындаймыз? С – 4: Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп атайды? С – 5: Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? С – 6: ах = b теңдеуінің түбірлерін табудың неше жағдайы бар? С – 7: х a= b теңдеуінің b –ға байланысты неше жағдайы бар? Бағдарлау-мотивациялық кезең. Мұғалім: Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгің келсе, іздеп тауып аласың. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Бастауыш сыныптарда олар -қарапайым, алтыншы сыныпта – сызықтық, ал жоғарғы сыныпта әр түрлі және күрделі болады. Бұл не? Жауабы: Теңдеу | Презентация Смайликтер | ||||||
9 – 20 мин | Мұғалім: Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз мәтін есептерді теңдеу құры арқылы шығару. Оқушыларға тапсырма бере отырып, теңдеу құрастырып, мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару алгоритмін жасау. Тапсырма: Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар. Мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у кг. Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықта. Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару: белгісіз шаманы анықтау; бір айнымалысы бар теңдеу құрастыру; теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек; айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, ал бос мүшелерді теңдеудің оң жағына қарама-қарсы таңбамен көшіру; теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру; теңдеудің екі бөлігінде айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеуді х = түріне келтіру.
№863. Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші саннан үшке артық. Сол сандарды табыңдар? Шешуі: 2х+3+х = 21; 2x+3=2*6+3 = 153х = 21-3; 3x = 18; Х = 18:3; х = 6; Жауабы: 15;6 №865. 6 а сыныбындағы оқушылар саны 6 в сыныбынан 25% - ке артық. 3 оқушыны 6 а сыныбынан 6 в сыныбына ауыстырғанда екі сыныптағы оқушылар теңеседі. Алғашқыда сыныптардың әрқайсысында неше оқушыдан болған? Шешуі:
Жауабы: 30 оқушы, 24 оқушы№864. Бірінші бассейнде 1600 екінші бассейнде 1215 су бар. Бірінші бассейнді тазарту үшін одан сағатына 65 су насоспен сыртқа ағызылды. Екінші бассейнге сағатына 45 су насоспен құйылды. Екі насос жұмыстарын бір уақытта бастаса, онда неше сғаттан соң екі бассейндегі сулар теңеседі? Шешуі: Жауабы: 3,5 сағат | Қосымша 1 Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015 | ||||||
21 - 22 мин | Сергіту сәті «Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі Оқушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», «Хи-хи» деп айтуға да болады. | Презентация | ||||||
23 – 37 мин | Жұптық жұмыс Оқулық бойынша есептерді орындау. Жұпта отырған оқушылар бір-бірін тексереді. А деңгейі №867. Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3 л банкалар бар. Егер сусынды екі литрлік банкаларға құйса, үш литрлік банкаларға құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болады. Дайындалған жүзім сусыны неше литр? Жауабы: 12 л. №868. Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды. Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар санынан 1,4 есе көп. 13 ағашты бірінші көшеден екінші көшеге ауыстырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар саны бірдей болды. Алғашқыда бірінші көшеге неше ағаш отырғызылды, екінші көшеге неше ағаш отырғызылды? Жауабы: 91; 65 ағаш. В деңгейі №882. Екі санның қосындыс 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар. Жауабы: 190 саны. №884. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әр қайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді? Жауабы: 6 орам. С деңгейі №898. Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25%-і қалды. Шығармада неше бет болған? Жауабы: 60 бет. | Қосымша 2 | ||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Үйге тапсырма: №866 – есеп. Рефлесия: «Білім қоржыны» кері байланыс
| Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова 2015 | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||
Саралау тапсырмалары жалпы сыныппен жұмыста және жұптық жұмыстарда беріледі. Жалпы сыныппен, жұптық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды смайликтермен мадақтау | Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру