Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есеп шығару. Химия, 11 сынып, презентация, 2 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есеп шығару

Сабақтың мақсаты:

- тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

Бағалау критерийлері:

- Тізбектеле жүретін реакция теңдеулерін құрастыру

- Реакция теңдеулері бойынша есеп шығару

«Ой шақыру»

Көптеген химиялық үдерістер бірнеше сатыдан жүреді. Өндірістік тақырыптарға есептер шығарғанда бейорганикалық қосылыстың кластары арасындағы генетикалық байланысты тиімді қолдануға болады.

Бейнефильмді талдау https://bilimland.kz/kk/subject

Тапсырма 1 жұптық жұмыс

Өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазып өнімді атаңыз

Li2S ← S → SO2→ SO3→ H2SO4

H2S

Бағалау критерийлері

- Генетикалық өзгерістерді жүзеге асыратын тиісті 5 реакция теңдеулерін жазады

- Өнімді атайды

Өзара бағалау жұптар арасында жүргізіледі

Өз бетімен жұмыс

Өндірісте күкірт қышқылын алу , өндірістік принциптері , экологиялық мәселелер бойынша тізбекті реакция мен жаттығуларды беруге болады.

Өз бетімен жұмыс дифференциялық тапсырмалар

№1 есеп

А) Құрамында 65% темір колчеданы бар 1 тоннан кеннен шығымы 85% болғанда массалық үлесі 40% тығыздығы 1,307 г/мл қанша көлем күкірт қышқылын алуға болады?

Б) Күкірт қышқылын өндірудегі негізгі өндірістік принциптерді атаңыз

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

С) күкірт қышқылы өндірісінің қоршаған ортаға, атмосфераға, жер қыртысына әсерін сипаттаңыз ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бағалау критерийлері

- Реакция теңдеуін дұрыс құрады

- Таза пириттің массасын табады

Күкірт қышқылының ерітіндісінің массасының табады

Күкірт қышқылының іс –жүзіндегі массасын табады

- Жауабын жазады

- Өндірістік принциптерді атайды

- Қоршаған ортаға әсерін сипаттайды

Тапсырма орындап болған соң бірін –бірі бағалау жүргізуге болады.

Дұрыс жауабын тақтада жасырып жазып қоюға да болады, соңынан тексеруге, уақытты үнемдеуге тиімді

2 есеп

 

Массасы 100г құрамында 12% қоспасы бар кальций карбидінен 45% шығыммен қанша сірке қышқылын алуға болады?

Бағалау критерийлері

- Таза кальций карбидінің массасы табады

- Карбидтің массалық үлесін есептейді

- Реакция теңдеулерін дұрыс жазады

- Қышқылдың теориялық массасын есептейді

- Қышқылдың іс- жүзіндегі массасын табады

Уйге тапсырма

№3 массасы 300г 45% темір(ІІІ) хлоридінен қанша темір (ІІІ) оксидін алуға болады ? Реакция теңдеулерін жазыңыздар

Оқушылар өздерінің тақырыпты түсінгендігін смайлдар арқылы көрсетеді

Мен барлығын түсіндім

Менің сұрағым бар

Маған түсініксіз

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды