Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару. Химия, 8 сынып, презентация.


Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару

Сабақ мақсаты

8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу.

Бағалау критерийлері

1. Өнімнің белгілі массасы бойынша реагенттердің массаларын есептейді;

2. Реагенттердің белгілі массасы бойынша өнімнің массаларын есептеу жүргізеді;

3. Зат массасы мен зат мөлшерін есептеу алгоритмын құрады.

Есеп шығарудың алгоритмі:

Есептің қысқаша шартын құрастыру. 

Химиялық реакцияның теңдеуін құрастыру.

Сәйкес заттардың формулаларының үстіне белгілі және белгісіз шамаларды жазу.

Белгілі масса бойынша зат мөлшерін есептеу.

Белгісіз заттың зат мөлшерін мольдік қатынас бойынша есептеу.

Есептің жауабын жазу.

ЕСЕП

56 г кальций оксиді азот қышқылымен әрекеттесті. Түзілген тұздың массасын есептеңіз.

Берілгені:

m(CaO) = 56 г

______________

Табу керек:

m(Ca(NO3)2 )-?

Шешуі:

CaO + 2HNO3Ca(NO3)2 + H2O

1 моль

Х моль

1 моль 1 моль

56 г/моль 164 г/моль

Табу керек n ( CaO) :

56 г

n (СaO) = = 1 моль

56 г/моль

2. Са(NО 3)2 -тің зат мөлшері n және массасын есептеу :

1 моль х моль

= х = 1 моль

1 моль 1 моль

m ( Са(NО3)2 = 1 моль 164 г /моль = 164 г.

Жауабы: m (Са(NО3) 2)= 164 г.

1) 8 г мыс (ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?

2) Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?

3) Массасы 6,5 г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

4) 1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?

5) Оттегінде 54 г алюминий жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?

6) Массасы 360 г алюминий сульфидін алу үшін, оған жұмсалған алюминий мен күкірттің массасын есептеп шығар.

7) 8 г мыс (ІІ) оксидінен мысты жеке бөліп алу үшін, қанша грамм сутегі жұмсалады?

8) 8 г сутегі жанғанда түзілетін судың массасы және зат мөлшері қанша?

9) Реакцияға 16 г оттегі түскенде судың қандай зат мөлшері шығады?

10) Реакциядан 9 г су түзіледі. Реакцияға түскен оттегінің массасын және зат мөлшерін табыңдар.

Есептер шығару



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!