Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару. Химия, 8 сынып, презентация.
Сұрақ-жауап
Зат мөлшерінің таңбасы
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
Авогадро тұрақтысы
Зат мөлшерін анықтауға арналған
3 формула
Тапсырма:
Коэффициенттерді (стехиометриялық коэффициенттер) қойып, химиялық реакция теңдеуін теңестіріңіз.
Әр зат формуласының астына стехиометриялық коэфициентке сай келетін зат мөлшерін(моль санын) көрсетіңіз.
Әр заттың молярлық массасы мен массасын есептеңіз.
____Al2O3 +___H2SO4 =___Al2(SO4)3 +___H2O
n = _ моль n = _ моль n = _ моль n = _ моль
M = __ г/моль M = __г/ моль M = __ г/моль M = __г/ моль
m = __ г m = __ г m = __ г m= __ г
Өзара бағалау
Оқу мақсаты:
8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін есептеу.
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
Тапсырма: №1 және №2 есептер.
Есепті шығарудың дайын алгоритмі бойынша 1-есепті шығарады: А оқушысы
2-есептің дайын шығарылуы бойынша есепке алгоритм құрастырады: В оқушысы
«Сұрақтар әлемі»
А оқушысы мен В оқушысы есепті шығару барысында туындаған сұрақтары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
№3 есеп
13г мырыш тұз қышқылымен реакцияға түсті. Реакцияға жұмсалған қышқылдың массасын, түзілген тұздың массасын және бөлінген газдың көлемін анықтаңыз.
Өзін-өзі бағалау
№3 есептің шешуі:
1. Формула бойынша мырыштың зат мөлшерін анықтаймыз:
n(Zn) = m : M = 13 г : 65 г/моль = 0,2 моль
2. Осы сан арқылы есепке қажетті заттардың зат мөлшерін анықтаймыз (коэффициенттерді ескере отырып):
0,2 моль 0,4 моль 0,2 моль 0,2 моль
Zn + 2HCl => ZnCl2 + H2
3. Ары қарай формула бойынша есептеулер жүргіземіз:
m(HCl) = M·n = 36,5 г/моль·0,4 моль = 14,6 г
m(ZnCl2) = M·n= 136 г/моль·0,2 моль = 27,2 г
Сутегінің көлемінде формула бойынша анықтаймыз:
V(H2) = Vm·n = 22,4 л/моль · 0,2 моль = 4,48 л
4. Жауабы: m(HCl) = 14,6 г
m(ZnCl2) = 27,2 г
V(H2) = 4,48 л
Өзін-өзі бағалау
№4 есеп. Зат мөлшері 8 моль алюминий оксидін алу үшін қажет алюминийдің зат мөлшері мен массасын есептеңіз
Қосымша есептер:
№5 есеп. Нәтижесінде 4 моль су алу үшін қанша грамм сутек қажет болады?
№6 есеп. 8 г метан жанғанда түзілетін көмір қышқыл газының массасы қанша?
Рефлексия
1. Бүгінгі сабақта мен білдім....
2. Мен білгім келеді....
3. Мен ... түсінбедім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?