Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: 11.3 А Өсу және даму

Мектеп: Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.2.3.1 - бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

  • эмбрионалды және соматикалық бағаналы жасушаларды ажырату;
  • Бағаналы жасушалардың практикалық қолданылу аясынмен танысу;
  • Бағаналы жасушалардың қолдану этикалық аспектісін түсіндіру.

Бағалау критерийі

  • эмбрионалды және соматикалық бағаналы жасушаларды жіктейді.
  • бағаналы жасушалардың практикалық қолданылу аясын сипаттайды.
  • бағаналы жасушалардың қолдану этикалық аспектісін түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін сипаттайды (жазылым). Бағаналы жасуша практикалық маңызын анықтайды, артықшылықтарымен кемшіліктерін талдауға қатысады (оқылым және айтылым).

Тақырыбы лексика және терминология

Қазақша

English

эмбрионалды дің жасушалары

embryonic stem cells

соматикалық дің жасушалары

somatic stem cells

этикалық аспектілер

ethical aspect

гемабанк

gemabank

өсіру технологиясы

technologies of cultivation

жасушалық трансплантология

cell transplantation

жасушалық инженерия

tissue engineering

регенеративті медицина

regenerative medicine

Тақырыпқа қатысты лексика мен терминология:

Эмбриональды және соматикалық бағаналы жасушалар арасындағы басты айырмашылық ............ бағаналы жасушалар ..............тектік бөлінбеген жасушалар болып табылады, ал ................. бағаналы жасушалар ............ мен мүшелер тектес ................... бөлінбеген ............. болып табылады.

Құндылықтар дарыту

Ынтымақтастық

Топтық жұмыс барысында іс-әрекеттерді бірігіп орындау, бір-бірінің ойын тыңдау және ауызбіршілікті қалыптастыру.

Жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы

Оқушылардың ғылым білімді игеруде қызығушылықтарының арттыруы және Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін көтеруге бағыттау.

Өмір бойы білім алу

Жаңа оқу материалдарын өткен тақырыппен байланыстыра отырып, білім берудің бірізділігімен өмір бойы білім алу қажеттіліктерімен ұштастыру.

Пәнаралық байланыс

микробиология, медицина

Алдыңғы білім

Жасушалық биология: 7-10 сыныптар

Өсу мен даму: 9-10сыныптар

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақ қезеңдері

Ресурсы

0-1 мин.

2-5 мин.

Ұйымдастырушылық кезең.

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларды сабаққа назарын аударту.

Алдыңғы білімге шолу. Тақтадан бүгінгі тақырыпқа қатысты терминдер ұсынылады. Оқушылар осы терминдерді пайдаланып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Сабақ мақсаттарына қарап, оқушылар өздері бағалау критерийлерін ұсынады.

Мұғалім тақырыпқа байланысты жаңа терминдермен таныстырады.

Презентация

1-3 слайдтар

5-10 мин

Жаңа тақырып түсіндіру. Жеке жұмыс. Оқушыларға материалдар таратылады. Мұғалімнің түсіндірілімінен соң бағаналы жасушалардың эмбрионалды және соматикалық жіктелуі және бағаналы жасушаларды медицинада пайдалану саласы бойынша кластерді толтырады. Жұптық бағалау жүргізіледі.

Дескриптор:

  • Кластердің ұқыпты жасалуы;
  • Тақырыпқ асай терминдердің кластерде қамтылуы;

Презентация

4-10 слайдтар

10-22 мин

Жаңа материалды зерттеу. Топтық жұмыс.

Оқушыларға интернет ресурстарын пайдалана отырып, діңгек жасушаларын қолдану туралы, SWOTанализ жасауды ұсыныңыз:

1-топ. Буын ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларды қолдану.

2-топ. Жүрек-қантамыр ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларын қолдану.

3-топ. Онкологиялық ауруларды емдеуде бағаналы жасушаларын қолдану.

4-топ. Тері ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларды қолдану.

Дескриптор:

  • бағаналы жасушаларын практикалық қолданудың күшті жақтарын көрсетеді;
  • бағаналы жасушаларын практикалық қолданудың әлсіз жақтарын көрсетеді;
  • бағаналы жасушаларын практикалық қолдану мүмкіндіктерін анықтайды;
  • бағаналы жасушаларын практикалық қолдану тәуекелдерін анықтайды;
  • бағаналы жасушаларын осы пайдаланудың этикалық аспектісін сипаттайды.

https://okeydoc.ru/stvolovye-kletki-cheloveka-primenenie-v-sovremennoj-medicine/

https://clck.ru/MehRL

https://www.youtube.com/watch?v=qCAz47TRqeU

22-34 мин

Оқушылар SWOT-талдаулармен алмасады және сыныптастарының дайындаған кластеріне талдау жасайды. Бірін-бірі топтық бағалау жүргізеді. Кері байланыс береді.

Дескриптор:

SWOT-талдау тармақтары дәлелденген:

- дің жасушаларын практикалық қолданудың күшті жақтары;

- дің жасушаларын практикалық қолданудың әлсіз жақтары;

- дің жасушаларын практикалық қолдану мүмкіндіктері;

- дің жасушаларын практикалық қолдану тәуекелдері;

- дің жасушаларын осы пайдаланудың этикалық аспектісі

34-38 мин

Бекіту. Оқушыларға кестені зерделеуді және бағаналы жасушаларды пайдаланудың артықшылықтарын сипаттауды ұсынады.

Презентация

13 слайд

38-40 мин

Рефлексия. Кері байланыс:

- Не білдім, Не үйрендім?

- Не түсініксіз қалды?

- Немен жұмыс істеу қажет?

Үй тапсырмасы:

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау және интернет ресурстарын пайдалану арқылы бағаналы жасушаларын пайдалану перспективаларын зерттеу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бағаналы жасушаларды қолдану бойынша жаңалықтар туралы интернет-көздермен жұмыс жасайды.

Неғұрлым қабілетті оқушыларға– талдау, синтез, бағалау дағдыларын дамыту үшін медициналық зерттеулердің нәтижелерін ұсынады.

  • Бағалау түрлері:
  • - Алдыңғы білімге шолу жасауда, өзіндік бағалау жүргізеді.
  • - Жаңа тақырыпты меңгеруде топтық бағалау жүргізеді.

Топтық бағалау жүргізгенде, кабинет ішінде қозғалыс кезінде партаға немесе бір-біріне соқтығысу қаупін бақылау.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу